Top.Mail.Ru

Лактоза дегеніміз не және лактозасыз қоспалар пайдалы ма?

Жарияланды: 17.06.2025
Оқу уақыты: 7 минут
count 6294

Лактоза туралы жалпы түсінік

Лактоза – табиғи көмірсу, яғни дисахарид түріндегі сүт қанты, сүт пен сүт өнімдерінің құрамында болатын табиғи қант. Ол глюкоза мен галактозадан тұрады және ағзаға энергия көзі ретінде қызмет етеді, сонымен қатар ішекке пайдалы әсер ететін маңызды элементтердің бірі. Лактоза сүттің тәттілігін қалыптастырып, оның қоректік құндылығын арттырады.

Лактозаның тағамдық рөлі және оның адам денсаулығына әсері

Лактоза асқорыту жүйесінде арнайы фермент – лактаза арқылы ыдырайды. Егер бұл фермент жеткіліксіз болса, лактозаны қорыту қиынға соғады, бұл лактоза төзімсіздігіне әкелуі мүмкін. Лактозаның жеткілікті мөлшерде болуы балалардың дамуы үшін өте маңызды, себебі ол кальций мен басқа да пайдалы заттардың жақсы сіңуіне көмектеседі.

 Лактоза дегеніміз не?
Лактозаның қасиеттері

Лактоза – екі қарапайым қант молекуласынан тұратын көмірсу: глюкоза мен галактоза. Лактоза суда жақсы ериді және тағам өнімдеріне жұмсақ дәм мен құрылым береді, бірақ басқа қант түрлеріне қарағанда тәттілігі төмен. Ол ішектегі пайдалы бактериялардың көбеюіне әсер етеді және ішектің микрофлорасын жақсартады.

Лактоза қайдан келеді?
Лактоза бар негізгі тағамдар (сүт және сүт өнімдері)

Лактозаның негізгі көзі – сүттің өзі және одан жасалатын сүт өнімдерінде болады. Бұл қатарға сиыр, қой, ешкі сүті, ірімшік, айран, сүзбе, йогурт және қаймақ өнімдері жатады. Сондай – ақ, емшек сүтінде де лактоза болады, ол жаңа туған нәрестелердің өсуі мен дамуына қажет.

Лактоза тағамға қалай қосылады?

Лактоза табиғи түрде сүт өнімдерінің құрамында сүт қанты ретінде кездеседі, бірақ ол тағам өнеркәсібінде де қосымша ингредиент ретінде пайдаланылады. Бұл – дәмін жақсарту немесе құрылымын тұрақтандыру үшін жасалады.  Мысалы, балмұздақтар, нан өнімдерінде, тәттілерде, шұжықтарда және дайын тағамдарда лактоза болуы мүмкін.

Лактозаның ағзада қорытылуы
Лактаза ферментінің рөлі

Лактозаның қорытылуы үшін ішекте лактаза ферменті бөлінуі керек. Бұл фермент лактозаны глюкоза мен галактозаға ыдыратып, олардың ішек қабырғалары арқылы қанға сіңуін қамтамасыз етеді. Егер лактаза жеткіліксіз болса, лактоза ыдырамай, ішекте ашып, жайсыздық тудырады.

Лактоза төзімсіздігі және оның себептері

Лактоза төзімсіздігі – ағзада лактаза ферментінің жетіспеуінен туындайтын жағдай. Яғни, кейбір адамдардың ағзасында лактаза жеткіліксіз немесе мүлде өндірілмейді. Бұл кезде лактоза ішекте қорытыла алмайды, нәтижесінде ішекке газ жиналып, іштің кебуі, ауруы, құсу немесе диарея пайда болады. Бұл жағдай тұқымқуалаушылықпен немесе жас ұлғаюына байланысты болуы мүмкін.

Лактозасыз қоспалар дегеніміз не?
Лактозасыз өнімдердің пайда болу себептері
Лактоза төзімсіздігімен ауыратын адамдардың қажеттіліктері

Лактозасыз қоспалар – құрамында сүт қанты жоқ немесе өте аз мөлшерде болатын тағамдар мен өнімдер. Лактозасыз қоспалар – лактозаға төзімсіздігі бар адамдар үшін арнайы технология арқылы өндіріледі.
Лактозасыз өнімдердің пайда болуының ең басты себептерінің бірі – лактоза төзімсіздігімен ауыратын адам санының көп болуы. Сонымен қатар, дұрыс тамақтануға деген сұраныстың артуы және емшек жасындағы балалар мен аллергиясы бар адамдарға да арнайы лактозасыз қоспалар қажет болуы, лактозасыз өнімдердің пайда болуының басты себептері.
Лактоза төзімсіздігі бар адамдар үшін лактозасыз өнімдер маңызды рөл атқарады. Мұндай адамдардың ағзасында лактаза ферменті жеткіліксіз болады немесе мүлдем болмайды. Бұл фермент яғни, сүт қанты – лактозаны ыдыратып, оны ағзаға сіңімді етеді. Лактоза төзімсіздігінен сақтану үшін бұл адамдарға арнайы лактозасыз өнімдер қажет. Оларың құрамында лактоза болмайды немесе ол толықтай ферменттеліп, жеңіл сіңірілетін түрге айналады. Бұл өнімдер олардың асқорыту жүйесін жеңілдетіп, жағымсыз әсерлерді азайтады.

Диетаға байланысты тұтынушы сұранысы

Лактозасыз өнімдерді тек төзімсіздігі бар адамдар ғана емес, сонымен қатар денсаулықты жақсарту немесе арнайы диеталар ұстану үшін лактозасыз өнімдерді тұтынады. Кейбір адамдар лактозасыз сүт өнімдері калориясы төмен болғандықтан, оларды таңдайды. Сондықтан нарықта лактозасыз өнімдерге сұраныс жоғары.

Лактозасыз қоспалардың артықшылықтары мен кемшіліктері
Лактозасыз қоспалардың артықшылықтары
Лактоза төзімсіздігі кезінде қолайлығы

Лактозасыз қоспалардың өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері бар, сондықтан оларды тұтынар алдын жақсылап танысып шығу қажет. Лактозасыз қоспалардың артықшылықтары – лактоза төзімсіздігіне, ас қорытуға және жалпы денсаулыққа  яғни, ағзаның жалпы иммундық жүйесіне жағымды әсер етеді. Лактозасыз қоспалардың кемшіліктері – құрамындағы басқа дәрумендер мен ақуыздар бір шама төмендеуі мүмкін.
Лактозасыз өнімдер лактозаға төзімсіз адамдар үшін ең жақсы балама болып табылады, яғни олар асқазан-ішек жолындағы ыңғайсыздықты болдырмайды.

Ас қорытуға және жалпы денсаулыққа әсері

Лактозасыз сүт өнімдері құрамында кальций, ақуыз және дәрумендер сақталады, бұл сүйектердің саулығы үшін маңызды. Сондай- ақ, оларды қабылдау арқылы жағымсыз белгілердің алдын алуға болады.

Лактозасыз қоспалардың кемшіліктері
Құрамындағы басқа заттардың тапшылығы

Лактозасыз өнімдерді жасау барысында кейбір пайдалы элементтер азаюы мүмкін. Яғни, олар сүттің табиғи құнарлылығын толық алмастыра алмайды. Сондықтан, оларды таңдағанда қосымша дәрумендер мен минералдар бар-жоғын тексеру қажет.

Дәмі мен құрылымындағы айырмашылықтар

Кейбір адамдар лактозасыз өнімдердің дәмі мен құрылымын өзгеше сезінуі мүмкін. Себебі лактозаны алып тастағанда, өнімнің табиғи тәттілігі төмендеуі мүмкін. Бұл оны қолданатын технологиялар мен қосымша заттарға байланысты өзгереді.

Лактозасыз және лактозалы өнімдердің салыстырмалы талдауы
Тағамдық құндылығы мен калория мөлшері

Лактозасыз өнімдер кейде калориясы төменірек болады, бірақ олардың тағамдық құндылығы өзгермейді. Кейбір өнімдерде калориясы жоғары болуы мүмкін, себебі оларды дәмді ету үшін басқа қант немесе қоспалар пайдаланылады.

Ағзаға әсері және пайдалылығы

Лактозасыз өнімдер ас қорыту жүйесіне жеңіл әсер етеді. Лактозаға сезімтал адамдар үшін тиімді, оларды қабылдаған кезде асқазан-ішек жолын жеңілдетеді және фермент тапшылығынан пайда болатын қиындықтар болмайды.

Лактозасыз қоспаларды қалай таңдау керек?
Лактозасыз өнімдерді сатып алу кезіндегі кеңестер
Құрамындағы ингредиенттерді оқу

Лактозасыз өнімдерді сатып аларда затбелгідегі құрамын мұқият оқу керек. Әсіресе лактоза төзімсіздігімен ауыратын адамдар үшін өнімнің сапасы ен құрамы өте маңызды. Өнімнің құрамында лактозаны алмастыратын қант немесе басқа қосымша заттар болуы мүмкін. Лактоза, сүт ұнтағы, сарысу, сүт ақуызы деген сияқты атауларға назар аударыңыз. Егер бұл атаулар құрамында кездессе, өнім толық лактозасыз емес. 

Өнімнің сапасын анықтау критерийлері

Сапалы өнім табиғи ингредиенттерден жасалуы керек және қаптамадағы “Lactose Free” яғни лактозасыз деген белгіге, мерзіміне, сақтау шарттарына назар аударыңыз. Сүттен алынған кальций мен ақуыз жеткілікті мөлшерде сақталғанына назар аудару қажет.

Лактозасыз қоспаларды дұрыс пайдалану

Лактозасыз өнімдерді тұтыну кезінде оларды теңгерімді тамақтану жүйесіне енгізу маңызды. Себебі тек лактозасыз өнімдермен шектелу ағзаға қажетті қоректік заттардың жетіспеушілігіне әкелуі мүмкін.

Қорытынды

Лактоза және лактозасыз қоспалар туралы қорытынды ойлар

Лактоза – сүттің негізгі құрамдас бөлігі болғанымен, оны қорыту кейбір адамдар үшін қиындық тудыруы мүмкін. Лактозасыз қоспалар – оңай қорытылады және асқазан – ішек жолдарының қызметін қалыпқа келтіруге ықпал етеді. Лактозасыз қоспалар қажетті қоректі заттарды жоғалтпай, сүт өнімдерінің пайдасын көретін мүмкіндік береді. Лактозасыз қоспалар – қазіргі заманауи тағам өнеркәсібінің адамдардың әртүрлі қажеттіліктеріне бейімделген ең дұрыс шешім болып табылады. Әр адамның ағзасы ерекше, сондықтан өзіңізге тиімдісін таңдаған дұрыс.

Дұрыс таңдау жасауға көмектесетін кеңестер

Егер сізде лактоза төзімсіздігі болса немесе сүт өнімдерінен бас тартқыңыз келсе, келесі 3 нәрсеге көңіл бөліңіз: 1) Құрамындағы ерекшеліктерге назар аударыңыз яғни, жоғары сапалы сарысу ақуызы, полиқанықпаған май қышқылдары және биологиялық маңызды қоректік заттар, маңызды дәрумендері мен минералдары бар өнімдерді таңдаңыз. 2) Лактозасыз өнімдерді дұрыс пайдаланыңыз. 3) Теңгерімді тамақтануды ұмытпаңыз.

Яндекс.Метрика