Top.Mail.Ru

Емшек неге ауырып жатыр? Сүт безі аурулары және мастопатия.

Жарияланды: 27.11.2024
Оқу уақыты: 4 минуты
count 515


Сүт безінің ауыруы – әйелдердің маммологтың кеңесіне жүгінудің ең көп тараған себебі. Әрбір әйел өмірінде бір рет болса да осындай жағымсыз симптомды бастан кешіреді.

Сүт безінің ауруы және оның жалпы себептері

Осыған көптеген факторлар себеп болуы мүмкін: етеккір циклі, кисталар, фиброаденомалар, жұқпалы аурулар немесе тіпті кейбір зиянды тағамдарды тұтыну.

Сүт безінің ауруының түрлері

Циклдік сүт безінің ауруы

Циклдік ауырсыну тікелей етеккір цикліне байланысты және бірден екі сүт безінде сезіледі. Ісіну, жүйке жүйесінің тұрақсыз күйімен, кеудедегі ауырлық сезімімен сипатталады. Көбінесе, 40 жасқа дейінгі әйелдерде гормоналды теңгерімсіздіктің себебінен кездеседі

.Циклдік емес сүт безінің ауруы

Етеккір циклімен байланысты емес. Негізінен, постменопауза кезінде және кеш репродуктивті жастағы әйелдерде пайда болады. Бұл қатерлі және қатерсіз ісіктің себебінен пайда болуы мүмкін. Егер сүт бездерінің патологиясы расталмаса, онда невропатолог немесе ревматологтың консультациясына бару керек.

Сүт безінің ауруының негізгі себептері

Гормоналды өзгерістер

Бұл жағдай көбінесе етеккір циклымен байланысты, себебі гормондардың деңгейі өзгереді: эстроген мен прогестерон гормондарының деңгейі өзгеріп, сүт бездерінің ұлғаюына және сезімталдығының артуына әкеледі.

Мастопатия

Мастопатия — сүт бездерінде фиброзды-кистозды өзгерістермен сипатталатын ауру. Сүт бездерінің ұлғаюы, ауырсыну, ісіну пайда болуы мүмкін. Мастопатия көбінесе гормоналдық теңгерімсіздік, стресс немесе қоршаған орта жағдайларының әсерінен дамиды.

Жүктілік және емшекпен емізу

Жүктілік кезде әйелдің денесінде гормоналдық өзгерістер болып, сүт бездерінде ісіну тудыруы мүмкін. Бала емізу кезеңінде де сүт бездері сезімтал болады. Емізу кезінде лактостаз болуы мүмкін. Ол - сүттің сүт бездерінде тұрып қалуы нәтижесінде пайда болады. Сүт безінде тығыздық пен ауырсыну тудырып, ал емізу кезінде сүттің дұрыс шығарылмауы инфекция мен маститке әкелуі мүмкін.

Қабыну процестері (мастит)

Маститтің себептері - көбінесе сүттің дұрыс шығарылмауы және бактериялардың енуі. Бұл ауруды уақытында емдемесе, абсцесс (сүт безінде іріңнің жиналуы) пайда болып, қосымша күрделі мәселелер тудыруы мүмкін. Егер абсцесс болмаса, емізуге болады – деп саналады. Керісінше, тұрақты емізу сүттің тұрып қалуын жоюға және жағдайды жақсартуға көмектеседі.

Травма немесе жарақат

Сүт бездерінің жарақаты немесе механикалық зақымдануы ауырсынуға, ісінуге және көгеруге әкелуі мүмкін. Тіндер зақымданып, қабыну мен ауырсыну сезімі пайда болады.

 

simptomy-laktostaza-pri-gv

 

Қатерлі ісіктер

Сүт бездерінде қатерлі немесе қатерсіз ісіктер сау жасушаларда қалыпты өзгерістер орын алып, олар ретсіз бөлініп көбейгенде пайда болады. Қатерсіз ісіктер адам өміріне тікелей қауіп төндірмейді. Қатерлі ісіктер (онкология немесе саркома) — артық ұлпадан тұратын масса, ол үнемі өсіп, екінші деңгейлі ісіктердің пайда болуына әкелуі мүмкін. Статистика бойынша, Қазақстанда жыл сайын шамамен 5 мыңнан аса әйел сүт безінің онкологиясы ауруына шалдығады.

Диагностика

Диагностика

Өзіндік тексеру

Әйелдің сүт бездерін үйде тексеруге болады. Ай сайын бір мезгілде, менструалдық циклден 6-12 күн өткен соң жасау керек. Айна алдында тік тұрып сүт безінің көлемі мен пішініне, ұшына, терісіне - қызарулар мен қабыршақтанулардың жоқтығына назар аударыңыз. Қолдарыңызды жоғары көтеріп, сүт бездерінде және қолтығыңызда "шұңқырлар" немесе "түйіндер" бар-жоғын тексеріңіз. Арқамен жатып, бір қолыңызды басыңыздан жоғары көтеріп, екінші қолыңызбен сүт безін басып және оның бойымен саусақтарыңызбен жүргізіп көру керек. Емізікті аздап қысыңыз: бала емізбеген жағдайда ешқандай сұйықтық щықпауы керек.

Дәрігерлік тексеру

Әдетте, дәрігер алдымен пациенттің анамнезін алып, сүт бездерін қолмен тексеру жүргізеді. Одан кейін маммография, ультрадыбыстық зерттеу(УДЗ) немесе қажет болса, сүт бездерінен биопсия алу сияқты қосымша зерттеулер тағайындалуы мүмкін.

УДЗ, маммография және басқа зерттеулер

УДЗ — сүт бездерінің құрылымын тексеруге арналған әдіс, ол ісіктердің түрін және олардың сипатын анықтайды.
Маммография — сүт бездерінің рентгенологиялық зерттеуі, бұл қатерлі ісіктер мен басқа өзгерістерді анықтайды.
Магнитті-резонанстық томография — кейде қосымша зерттеу ретінде қолданылып, сүт бездерінің терең құрылымдарын толықтай тексереді.
Биопсия — сүт безінен жасушалар немесе ұлпалар үлгілері алынып, оларды зерттеу арқылы ісіктің сипаты анықталады.
Лабораторлық зерттеулер — қан анализдері, гормондардың деңгейін тексеру және басқа зерттеулер.

Емдеу әдістері

Дәрілік терапия

Дәрігерлер көбінесе гормондық, қабынуға қарсы немесе ауырсынуды басатын нақты препараттарды тағайындайды. Қажет жағдайда сүт бездеріндегі түйіндер мен ісіктердің көлемін азайту үшін дәрілік емдеу курсы белгіленуі мүмкін.

Хирургиялық емдеу

Хирургиялық емдеу тәсілі, қатерлі ісіктер немесе үлкен түйіндер болған көп жағдайда жасалады. Бұл әдіс сүт бездеріндегі ісіктерді алып тастау арқылы ауруды жеңілдетеді, бірақ операциядан кейін оңалту кезеңі қажет.

simptomy-i-lechenie-mastita-pri-gv

Үй жағдайындағы емдеу тәсілдері

Үй жағдайында жылы компресс немесе шөпті ванналар қолдану ауырсынуды жеңілдетуге көмектеседі. Дұрыс тамақтану мен стрессті азайту сүт бездері ауруының алдын алады. 

Сүт безінің ауруының алдын алу

Дұрыс тамақтану және салауатты өмір салты

Сүт бездеріндегі ауырсынудың алдын алу мақсатында көкөніс пен жемістерді көп тұтыну, денсаулықты сақтау, темекі шегуден, алкоголь мен кофеиннен бас тарту керек.

Стрестен аулақ болу

Стресс гормондардың теңгерімсіздігін тудырып, сүт бездерінде ауырсыну мен басқа да қолайсыз сезімдерге әкеледі. Психологиялық тыныштық сақтау және стресс басқарудың түрлі әдістерін қолдану маңызды.

Тұрақты өзіндік тексеру

Аурудың белгілері алдын ала анықталуы дер кезінде тұрақты өзіндік тексеру нәтижесінде орын алады. Себебі, бұл өзгерістерді ерте кезеңде байқап, уақытында дәрігерге жүгінуге жол ашады.

 

Выводы

Қорытынды

Қашан дәрігерге жүгіну қажет?

Сүт бездері ұзақ уақыт ауырып, ауырғаны күшейіп, түйіндер пайда болған кезде, емшектен бір сұйықтық шығып, теріде қызарулар немесе ісіну байқалса міндетті түрде дәрігерге жүгіну қажет. 

Сүт бездерінің ауруы жайлы қорытынды кеңестер

Сүт бездерін тұрақты түрде тексеріп, алғашқы өзгерістерді байқағанда дәрігерге жүгіну қажет. Сонымен қатар, денсаулықты сақтау үшін дұрыс тамақтанып, жеткілікті су ішіп, физикалық белсенділік пен стресс деңгейін бақылау маңызды.

Информация проверена экспертом

Яндекс.Метрика