Top.Mail.Ru

Жүктіліктің алғашқы белгілері қандай болады?

Жарияланды: 19.02.2025
Оқу уақыты: 2 min
count 9124

Жүктіліктің алғашқы белгілері қандай болады?
Көптеген әйелдер ұрықтанудан кейін алғашқы аптада жүкті екенін байқап көруге тырысады. Олар тіпті кішігірім өзгерістерді байқауға тырысады. Алайда, жүктіліктің алғашқы белгілері кейінірек — ұрықтанудан кейін 4-5 аптада пайда болады.

Неліктен жүктілік диагнозы маңызды? «Жүкті екенімді білмедім» - ол мүмкін бе?

 

Жүктілікті ерте анықтау өте маңызды: кейбір аурулар немесе инфекциялар, егер ерте кезеңде емделмесе, жүктілікке теріс әсер етуі мүмкін. Жатырдан тыс жүктілік, түсік тастау қаупі немесе преэклампсия сияқты жағдайларды уақтылы бақылап қолға алуға немесе түзетуге көмектеседі. Сондықтан жүктілікті жоспарлаудың алдында, немесе оның ең алғашқы симптомдарын байқаған кезде үнемі дәрігерлерге жүгіну керек.
Кейде әйелдер үшін етеккірдің кідірісі және жеңіл ауыру сезімдері болса да, олар жүктіліктің басы болып саналмайды. Кейбір аналар артық салмаққа, тұрақты емес етеккір цикліне, гормоналды теңгерімсіздікке немесе салмағы төмен балаға байланысты жүктілікті байқамауы да мүмкін.


Жүктіліктің 1 аптасы: болашақ ананың ағзасында не болады?


Жүктіліктің бірінші аптасында әйелдер әдетте шаршау, ұйқышылдық, бас айналу, дәмдік талғамдардың өзгеруі, кеуденің ұлғаюын сезінеді.


Жүктілік туралы қанша күннен кейін білуге болады?


Ұрықтанудан 10 күн өткенде қан құрамында ХГЧ деңгейін анықтауға болады. Ал ультрадыбыстық зерттеу мен зәрдегі ХГЧ деңгейін тесеру тесті 5-ші аптада жасалады.


Жүктіліктің ерте белгілері


Етеккірдің кешігуі немесе аз қан бөлінуі 


Жүктілік кезінде ағзадағы гормондық өзгерістер мен ХГЧ-ның деңгейінің көтерілуі кейінгі етеккірдің келуін тоқтатады. Бұл гормондар жатырды келе жатқан ұрықтың дамуына бейімдеп, етеккірдің болмауын немесе аз қан бөлінуін туғызады.


Қанды бөліністердің келуі


Ұрық жатырдың шырышты қабатына енуі кезінде жеңіл қан кету болуы мүмкін. Сонымен қатар, бұл кезде гормондық өзгерістер мен жатырдың бейімделу процестері де әсер етуі мүмкін.


Бұлшық ет ауруы


Жүктілік кезінде бұлшық ет ауруы гормондық өзгерістер мен ағзадағы жүктіліктің салдарынан артып жатқан жүктемеге байланысты болуы мүмкін.


Жиі ұйықтау және тез шаршау сезімі


Жүктіліктің себебінен жоғарлаған прогестерон гормоны тыныштандыратын әсер береді, бұл ұйқының көбеюіне және энергияның төмендеуіне әкеледі. 


Кеуде ауыруы


Гормоналдық өзгерістермен қатар, жүктілік кезінде кеудедегі ауру әйелдің ағзасында қан айналымының жақсаруына және сүт өндіруге дайындық процесіне де байланысты болуы мүмкін. 


Жүрек айнуы


ХГЧ мен эстроген асқазан-ішек жүйесіне әсер етіп, жүрек айнуын, таңертеңгі уақытта әсіресе күшті болатын құсуды тудырады.


Омыраудың / сүт безінің ұлғаюы және ауыруы


Эстроген мен прогестерон деңгейінің көтерілуі сүт бездерінің дамуына ықпал етіп, олардың көлемін ұлғайтады және сезімталдығын арттырады, бұл ауыру мен ыңғайсыздыққа әкелуі мүмкін.


Көңіл күйдің түсуі


Гормондардың деңгейінің өзгеруі әйелдің эмоциялық күйіне әсер етіп, көңіл күйдің тұрақсыздығын тудырады.


Зәр шығару жиілеуі


Бұл ағзадағы гормондық өзгерістер мен ұрықтың өсіп, жатырдың көлемінің ұлғаюына байланысты болады. Жатырдың үлкендеуі қуыққа қысым көрсетіп, зәрдің жиі шығарылуына әкеледі.


Иістің әсер етуі және белгілі бір өнімдерге тартылу


Жүктілік әйелдің иіс қабылдау қабілетін күшейтіп, жаңа немесе таныс иістерге ерекше реакция көрсетуіне әкеледі, ал кейде тағамдарға деген ерекше құштарлық пайда болады.


Мұрынның бітелуі


Жүктілік кезінде мұрынның бітелуі гормондық өзгерістерге байланысты. Бұл өзгерістер мұрынның шырышты қабығының ісінуіне және шырыштың көбеюіне әкеледі.
 

Жүктіліктің екінші белгілері


Іштің төмен тартуы, төменгі жағының ауырсынуы


Бұл ағзадағы физиологиялық өзгерістерге байланысты. Жатырдың өсуі мен ұлғаюы, оның айналасындағы байламдар мен бұлшықеттердің созылуы ауырсыну мен тартылу сезімін тудырады. 

Тәбеттің жоғарылауы


Жоғарлаған прогестерон ас қорыту жүйесіне әсер етіп, аштық сезімін күшейтеді, сондай-ақ ағзаның қосымша энергия мен қоректік заттарға деген қажеттілігін арттырады. 


Ұйқысыздық


Прогестерон деңгейінің жоғарылауы тыныштық пен ұйқының қиын болуына себеп болады, дене салмағының көбеюі, іштің ұлғаюы мен жиі зәр шығару қажеттілігі де ұйқыны бұзады. 


 Іш қату


Жоғары прогестерон ас қорыту жүйесінің бұлшықеттерінің жұмысын баяулатып, ішек қозғалысын тежейді, бұл іш қату мәселесін тудыруы мүмкін. 


Бас ауруы


Ағзадағы қан қысымының және сұйықтықтың деңгейінің өзгеруі, стресстің жоғарылауы, ұйқының бұзылуы бас ауруына себеп бола алады. 


 Тітіркену


Деңгейлері жоғарлаған прогестерон мен эстроген әйелдің эмоциялық күйін өзгертіп, көңіл-күйдің тұрақсыздығын, ашуланшақтық пен тітіркенуді тудыруы мүмкін.


Безеулер


Прогестерон мен эстроген тері бездерінің жұмысын ынталандырып, терінің майлы қабатын көбейтеді, нәтижесінде бет терісінде безеулер мен бітелген тесіктер пайда болады. 


 Іштегі пигментация


Эстроген мен прогестерон іштегі және басқа да дене бөліктерінде, мысалы, бетте немесе мойында, пигментацияның көбеюі мүмкін.

 
 Шаптағы шаншу


Жатырдың ұлғаюы шап аймағындағы байламдарға қосымша қысым түсіріп, бұлшықеттер мен байламдардың созылуына әкеледі, нәтижесінде шаншу мен ауырсыну сезімі пайда болуы мүмкін.


Аяқтың құрысуы


Басты себептер: прогестеронның кесірінен бұлшықеттердің жиырылуы арттырады; кальций мен магнийдің жетіспеушілігі, дене салмағының артуы аяқтарға қосымша қысым түсіреді.


Ақ сұйықтық


Жатыр мойнының сұйықтығы артып, ақ түске айналуы мүмкін. Көп жағдайда ақ сұйықтық жүктілік кезінде қалыпты болады және жұқпалардан қорғайды.


Емшекпен емізу кезіндегі жүктілік белгілері


Емшекпен емізгенде етеккірдің болмауы мүмкін. Дегенмен, жүктіліктің кейбір симптомдары байқалады: ашуланшақтық, жүрек айнуы және құсу, емізу кезінде ауырсыну, етеккірдің болмауы.


 

Жүктілікті ерте мерзімде анықтаудың дәйекті тәсілдері

Жүктілікті ерте мерзімде анықтаудың ең дәл тәсілі - қан немесе зәр анализі арқылы ХГЧ деңгейін анықтау. Одан басқа, ультрадыбыстық зерттеу немесе гинекологтың тексеруі де жүктілікті анықтауға көмектеседі.


Жүктілікке арналған тест


Жүктілік кезінде зәрдің құрамында ХГЧ гормонның мөлшері артады, ал тест осы гормонның бар-жоғын тексереді: егер ХГЧ табылса - оң нәтиже, табылмаса - теріс нәтиже береді.


Қан анализі


Қан анализі арқылы жүктілікті анықтау үшін ХГЧ деңгейі өлшенеді. Анализ арқылы ХГЧ бар-жоғын анықтап, жүктілікті ерте мерзімде, етеккір кешігуінен бұрын білуге болады.


УЗИ


Жүктіліктің алғашқы апталарында УДЗ ұрық жұмыртқасының жатырда орналасқанын және оның дұрыс дамып жатқанын анықтайды. УДЗ көбінесе 5-6 аптадан бастап эмбрионды немесе оның ұрық қабын, сондай-ақ жүрек соғысын көрсетеді. 

 Гинекологиялық тексеру


Гинекологиялық тексеру кезінде дәрігер әйелдің ішін сипап, жатырдың көлемі мен жағдайын тексеріп, жатыр мойнындағы өзгерістерді байқап жүктілікті анықтайды.
 

Жүктіліктің алғашқы белгілері қандай? Жүкті әйелдерде етеккір болып жатса нені білдіреді. Әйел жүкті екенін қалай біле алады?

Яндекс.Метрика