Top.Mail.Ru

Баланың дамуы: бала қай айда не үйренеді?

Жарияланды: 27.11.2024
Оқу уақыты: 5 мин
count 671

 

Өмірінің алғашқы 12 айы – балаңыз үшін өте маңызды. Осы кезеңде бала дәрменсіз жаңа туған нәрестеден айналадағы әлемді белсенді түрде зерттейтін балаға дейін өседі.

Бірінші ай

Физикалық дамуы

Бала жатқан күйінде бірнеше секунд бойы басын көтеруге тырысады. Қолдары мен аяқтарын жиі денесіне тартады, қозғалыстары - ретсіз және баяу. 150-900 грамм салмақ қосып, бойы 3 см-ге өседі. Егер нәрестенің денсаулығы бойынша қандай да бір сұрақтар туындаса дәрігерден кеңес алу қажет.

Тамақтандыру

Бала күндіз 3-4 сағат сайын, түнде 3-5 сағат сайын тамақтанады, өйткені асқазандары әлі де бір уақытта көп тағамды қабылдай алмайды.

Дәрет

Күніне бірнеше рет дәретке отырады, дәреті (нәжісі) - жиі жұмсақ, сары немесе жасыл түсті болады, ол тамақтануына байланысты өзгереді.

Ананың диетасы

Ананың ағзасын қалпына келтіру және сүтінің сапасы үшін анасы жоғары калориялы, рафинирленген өнімдерден, артық тұз бен қанттан, алкогольден, цитрустардан бас тартуы тиіс. Витаминдерге бай тағамдар жеп, көбірек су ішуі керек. Өзін жылы ұстап күтім жасаған дұрыс.

Ұйықтауы

Тәулігіне 15-18 сағат ұйықтайды: түнде 10 сағат, күндіз 6-9 сағат.

Екінші ай

Физикалық дамуы. 

Балада тері астындағы май және бұлшықет қабаттары дами бастайды, салмақ қосады.  Бойы 3 см-ге, салмағы 800 г өседі. 

Есту, сөйлеу, көру

Үлкендердің даусын тыңдап, ата-анасын тембрінен тани бастайды. Ең қатты дыбыс болса, оған басын бұрып жылайды. Алғашқы «агу» сияқты дыбыстары естіледі. Көз қимылдары біркелкі және көзқарасы аздап саналы бола бастайды.

Қимыл-қозғалыс

Ішпен жатқанда басын жоғары көтеріп бір жаққа бұруға тырысады, иығын көтереді. Жеңіл заттарды ұстай алады.

Ананың диетасы

Осыған дейінгі диетада аллергиялық реакция болмаса, жұмыртқа, тұтас дәнді нан, ірімшік, қатты макарон, қантсыз десерт біртіндеп енгізіледі.

Үшінші ай

Есту, сөйлеу, көру

Қызықтыратын дыбыстарға басын бұрады. Кейбір дауысты және дауыссыз дыбыстарды айта бастайды (әсіресе, «о», «а», «г», «к»). Алдындағы заттарға, адамның бетіне немесе ойыншыққа назар аударады.

Сезінулер (эмоциялар)

Мінезін және эмоцияларын барынша көрсетеді. Қолдары мен аяқтарымен белсенді қимылдар жасайды.

Ұйықтауы

Орташа алғанда, бала 16,5-тен 18,5 сағатқа дейін ұйықтайды, түнгі ұйқысы 10-11 сағат, күндізгі ұйқысы 1,5-2 сағаттық төрт кезеңнен тұрады.

 

Төртінші ай: 4 айда баланың дамуы

Сезінулер (эмоциялар)

Мінез-құлқы эмоционалды түрде қарқынды болады. Бейтаныс адам жақындаған кезде, көзі мен аузын ашып реакциясын білдіреді.  Бұл - индикативті реакция. Әдетте бала 4-5 айға қарай аузына бәрін алады және оны қызық көріп зерттейді.

Дәрет

Әдетте күніне 1-2 рет үлкен дәретке, 6-8 рет кіші дәретке отырады. Нәжісі - сары түсті, жұмсақ немесе пюре тәрізді. 

Күн тәртібі

Баланың биологиялық ырғағы қалыптасады. Күн тәртібі ұйқы арасындағы 1,5-2 сағаттан аспайтын баланың ояу болған уақытына негізделген.

Бесінші ай

Есту, сөйлеу, көру

Ата-анасының дауыстарын таниды. Былдырлай бастайды - интонациялық сөйлеу осылай қалыптасады. Негізгі түстерді ажыратады: қызыл, көк, жасыл, сары. 

Қимыл-қозғалыс

Бұл жаста кейбір балалар тек ішінен жатып арқасына қарай айнала бастайды, ал белсенді балалар еденнен итеріліп, домалап бөлмеде қозғалуы мүмкін.

Ұйықтауы

Күнделікті жалпы ұйқының ұзақтығы шамамен 17 сағат, түнгі ұйқы - 10-12 сағат, күндізгі ұйқының жиілігі 3-4 рет.

Алтыншы ай

Жүйке-психика

Бәрін ұстап, дәмін татқысы келеді. Түнде ұйықтап жатқанда да жаңа дағдыларды үйренуді жалғастырады, сондықтан жиі оянып, мазасыз ұйықтайды.

Сезінулер (эмоциялар)

Бала күлу, қуаныш немесе жылау сияқты эмоцияларды танып оларды қайталай алады. 

Қимыл-қозғалыс

Басы мен қолының қозғалысын жақсы басқарады. Өз қалпын бақылауға үйренеді. Сондай-ақ, қол бұлғауды, сипауды, затқа қол созуды меңгере де бастайды.

Тамақтандыру

Негізгі тамақтануына қосымша тағам қосылады: алдымен көкөніс немесе жеміс пюресі. Тағамдарды біртіндеп еңгізу кезіңде баланың реакциясына ерекше мұқият қарау керек.

Жетінші ай

Физикалық дамуы

Дене қозғалыстарын белсенді дамытып, қолдарының қолдауымен отыра алады. 7 айында төрт тісі болуы мүмкін немесе мүлдем болмауы мүмкін - бұл қалыпты жағдай.

Жүйке-психика

Бала заттар мен адамдардың тұрақтылығын әлі түсінбейді. Демек, бір нәрсені өзі көрмей тұрса, ол үшін ол жоқ. Реакция - қобалжу немесе жылау. «Жоқ» деген сөзді түсіне бастайды.

Тамақтандыру

Негізгі тамақтандыру алдыңғы айдағыдай – 5 рет. Қосымша тағамдармен танысуды жалғастырады: көкөніс, жеміс және ет пюресі, сүтті және сүтсіз ботқалар, жеміс шырындары.

Дәрет

Әдетте күніне 1-2 рет нәжісін, 4-6 рет зәр шығарады. Нәжісі қоңыр немесе сары түсті болады, қосымша тағамдардың ұлғаюымен және жалпы үстелден тағамға көшуіне байланысты қою болады.

Сегізінші ай

Физикалық дамуы

Кез келген нәрсені ұстап көргісі келеді. Төсегінде немесе манежде тұрып, қабырғасының бойымен қадам жасайды. Салмағы 550 грамм, бойы 2 см өседі.

Қимыл-қозғалыс

Көбісі қолдаусыз отыра алады. Төрт аяқпен жорғалауды үйренеді. Кейбіреулер қасықпен тамақ жеуге тырысады.

Тамақтандыру

Тамақтанудың негізгі көзі - ана сүті немесе сүт қоспасы. Қосымша тағамдарды еңгізуге болады: ет пюресі, жұмыртқаның сарысы, сүзбе, жеміс шырыны, айран, бидай наны.

Күн тәртібі

Баланың күн тәртібі ұйқы мен ояту уақытына негізделген. Күндізгі 2-3 ұйқының ішінде баланы тамақтандыру, ойындармен айналысу және серуендеу керек.

Тоғызыншы ай

Жүйке-психика

Қысқа және ұзақ мерзімді есте сақтау қабілеті дамығандықтан заттардың қай жерде орналасқанын есте сақтайды, жасырылғандарды табуға тырысады.

Қимыл-қозғалыс

Ойыншықтармен ойнауды меңгереді: түймелерді басады, ойыншық машиналарды жүргізеді, билейді. Белсенді түрде отырып, тұрып үйренеді.

Дәрет

Әдетте күніне 1 рет нәжісін шығарып, 4-6 рет зәр шығарады; нәжісі қоңыр түсті, тығыз және қалыпты консистенциялы болады.

Оныншы ай

Физикалық дамуы

Сортер, үлкен пазлдармен және түймелері бар ойыншықтармен белсенді ойнайды. Ересектердің мінез-құлқын бақылайды, ымдай бастайды. 

Сезінулер (эмоциялар)

Көптеген балалар бастарымен «иә» немесе «жоқ» деп көрсете алады. Кейде оны кездейсоқ жасайды: балалар осылайша жаттығады.

Қимыл-қозғалыс

Айналадағы заттарды лақтырып, итеріп, тепкілеп заттардың қасиеттерін зерттейді, құлағанда, қандай дыбыстар шығаратынын біледі. Өз бетінше отырады.

Ұйықтауы

Түнгі ұйқысы - 10-12 сағат, ал күндіз 2 рет ұйықтайды. Кейбіреулері күндіз 1 рет ұзақ ұйықтайды.

Он бірінші ай

Есту, сөйлеу, көру

Дыбыстарға жауап береді, таныс дауыстар мен музыканы ажыратады. Жай дыбыстарды көшіріп қана қоймай қарапайым сөздерді айтады. Қашықтықтағы заттарды танып, бет әлпеттерін ажыратып, ұсақ бөлшектерге назар аударады.

Қимыл-қозғалыс

Бала енді тұрып, қолымен тіреп жүре алады, кейбіреулері бір-екі қадам басуға да дайын.
Төсек пен баспалдақтарға өрмелейді.  

Тамақтандыру

Тамақтануы әлі ана сүтіне немесе қоспаға негізделіп, қосымша тағамдармен танысып келеді. Өздігінен қасықпен жеуге тырысады. 

Ұйықтауы

Ұйқының максималды уақыты – 16 сағат, минимум – 10 сағат. Көбіне күндіз 1-2 рет ұйықтайды.

Он екінші ай / 1 жас

Физикалық дамуы

Бала дамуына арналған ойыншықтарды бір-біріне соғып, оларды ыдысқа салып, қайта шығарып ойнайды. Әдетте 4-8 сүт тісі шығады, көбінесе алдыңғы екі тіс алғашқы болып шығады. Дегенмен, әр баланың дамуы әртүрлі.

Қимыл-қозғалыс

Әдетте тірекке сенімді тұрып, оның бойымен жүреді. Жорғалау кезеңін өткізіп алған сәбилер қолдаусыз тұрып, 12 айға келгенде алғашқы қадамдарын жасауға тырысады.

Дәрет

Әдетте күніне 1 рет нәжісін шығарып, 4-5 рет зәр шығарады; нәжісі қоңыр түсті, тығыз әрі қалыпты консистенцияда болады, ал зәрі ашық сары түсті.

Ананың диетасы

Бала әлі де ана сүтімен тамақтанып жүргенде, анасы ақуыз, кальций мен темірге бай тағамдарды көп тұтынуы керек, өйткені бұл жаста бала белсенді түрде өседі..

 

Жиырма төртінші ай / 2 жас

Физикалық дамуы

Өздігінен жүруді жақсы меңгеріп, сатыдан көтеріліп, жүгіріп, заттарды қолымен көтеріп қарапайым қимылдарды орындайды. 2-3 сөздік сөйлемдерді қолданады.

Қимыл-қозғалыс

Ойыншық пен заттарды көтеріп, сүйрелеп, лақтырып моторикасын дамытады. Осы жаста бала екі аяғымен секіру керек, бұл - маңызды кезең.

Тамақтандыру

Өздігінен ас ішуге тырысады, моторикасы мен тәуелсіздігі дамиды. Әртүрлі тағамдарды жеп, дәмдермен танысады. Әдетте бұл жаста ана сүтімен немесе қоспамен тамақтандыру тоқтайды.

Ұйықтауы

Бала күндіз бір рет ұйықтайды, ұйқы режимі тұрақталып, бала өздігінен ұйықтау және ояну дағдыларын игереді.

Информация проверена экспертом

Яндекс.Метрика