Толғақтың маңызы және босану үдерісіндегі рөлі
Толғақ – босану үдерісінің маңызды бөлігі, жатырдың бұлшықеттері жиырылып, нәрестені дүниеге әкелуге көмектеседі.
Толғақтың табиғи басталу уақыты мен кейде оны шақыру қажеттілігі
Толғақтың табиғи басталуы әдетте жүктіліктің 37-42 аптасында Алланың жазған күні болады және кез келген жерде басталуы мүмкін. Дегенмен, кейде толғақты медициналық себептермен арнайы түрде шақыру қажет.

Толғақ шақыруға қажеттілік қашан туындайды?
Мерзімнен асып кеткен жүктілік
Мерзімнен асып кеткен жүктілік балаға және анаға бірнеше қауіп төндіруі мүмкін: баланың салмағы артып, ол босану жолында қиындықтар туындатуы мүмкін, ал амнион сұйықтығы азайып кетсе, ұрық гипоксиясына ұшырауы ықтимал.
Босанудың табиғи үдерісінің бәсеңдеуі
Босану процессі баяулап кеткенде толғақ ұзаққа созылады да жатырдың жиырылуы әлсірейді деп саналады. Ол бірнеше себептерге байланысты болуы мүмкін: жатырдың бұлшықеттерінің әлсіздігі, ұрықтың дұрыс орналаспауы, гормондық деңгейлердің бұзылуы, эмоционалдық немесе физикалық стресстер, ананың жалпы денсаулық жағдайы.
Медициналық себептер бойынша толғақты шақыру (ана мен нәрестенің қауіпсіздігі)
Көп жағдайларда толғақты шақыру қажеттілігі соның ішінде гинекологиялық сұрақтарға да байланысты болуы мүмкін: жүктілік мерзімі ұзап кетсе, ананың басы ауырып жоғары қан қысымы, қант диабеті немесе жүрек-қантамыр аурулары мазаласа, ұрықтың өсуінің тоқтауы немесе гипоксиясы, ұрықтың дұрыс емес орналасуы немесе амниотикалық судың ерте ағып кетуі.