Top.Mail.Ru

6 айдан асқан балаларды тамақтандыру үшін ұсынылады.
Күріш жармалардың арасында жеңіл сіңетін көмірсулардың мөлшері бойынша бірінші орынға ие, оның құрамында глютен жоқ. Дәмді әрі жұмсақ Nutrilak “PROCEREALS банан қосылған күріш” сүтті ботқасы сәбиіңіз үшін керемет таңғы ас болады.  
Nutrilak Premium РROCEREALS сүтті тұтас дәнді ботқалары таңдаулы тұтас дәннен, қаймағы алынбаған сүттен, сүт сарысуынан және жеміс үлпегінен дайындалған.  Тұтас дән дән қабығынан, ұрық пен өзектен тұрады. Тұтас дән табиғи құндылығын сақтай отырып, көмірсулардың, өсімдік ақуызының, тағамдық талшықтардың, дәрумендер мен минералды заттардың көзі болып келеді. Осындай дәннен әзірленген ботқаларды қосымша нәрлендіру қажет емес. Қаймағы алынбаған сүт жоғары сапалы сүт ақуызы мен дәрумендердің көзі бола отырып, ботқаның қоректік құндылығын арттырады. Сүт сарысуы ботқаға табиғи тәттілік бере отырып, құрамы бойынша казеин мен сарысу ақуызының арақатынасын реттейді.  Жеміс үлпегі сәбидің дәмдік әр алуандығын кеңейте отырып, оны жаңа сезімдермен таныстырады. АРТЫҚ ЕШТЕҢЕ ЖОҚ. ЖАЙ ҒАНА ПАЙДАЛЫ.

ҚҰРАМ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

100 % табиғи
• тұтас дәннен әзірленген
• қант* пен тұз қосылмаған
• құрамында пальма майы жоқ
• ГМА жоқ
• хош иістендіргіштерсіз
• бояғыштар мен консерванттар жоқ
• өнімнің сақталуын қамтамасыз ететін арнайы жағдайларда өлшеп оралған
*құрамында табиғи қанттар бар
 

prigotovlenie_kashi.png


 

1.         Балаға тамақ дайындау алдында қолыңызды жуыңыз!

2.         Таза ыдысты пайдаланыңыз.

3.         50 °С шамасына дейін жылытылған балаларға арналған ауызсудан немесе 50 °С шамасына дейін салқындатылған қайнаған судан 140-160 мл құйыңыз.

4.         25 г (шамамен 3-4 ас қасық) құрғақ өнімді үздіксіз араластыра отырып, біртіндеп салыңыз.

5.         Толық ерігенше араластырып, тамақтандыруға қолайлы температураға дейін (36-38 °С) суытыңыз. Ботқа пайдалануға дайын.

Ботқаны араластыру үшін шанышқыны қолданған жөн.

·         Ботқаны әрдайым дәл тамақтандырудың алдында дайындаңыз.

·         Бұрын дайындалған ботқаның қалдығын келесі тамақтандыру үшін қолданбаңыз.

Баланың жасы мен талғамын ескере отырып, суды көбірек немесе азырақ қосу арқылы ботқаның қоюлығын өзгертуге болады.

Қосымша тамақтандыруды енгізіп бастаудың алдында педиатрмен кеңесіңіз.
Қосымша тамақтандыруды бір қасықтан бастап, 5-7 күн ішінде ботқа порциясын жас нормасына дейін ұлғайта отырып, біртіндеп енгізген жөн.

Сақтау шарттары:

• Өнімді 1-25 °С температурада және ауаның салыстырмалы ылғалдығы 75 %-дан аспайтын жағдайда сақтаңыз.

• Пакетті ашқаннан кейін өнімді құрғақ және салқын жерде 3 аптадан артық сақтамаңыз.

• Ботқаны әрдайым дәл тамақтандырудың алдында дайындаңыз.

• Бұрын дайындалған ботқаның қалдығын келесі тамақтандыру үшін қолданбаңыз.

• Әр порцияны дайындағаннан кейін ашылған пакетті мықтап жабыңыз.

Жарамдылық мерзімі: 18 ай.



 

Тұтас дәнді күріш ұны, қаймағы алынбаған құрғақ сүт, минералсызданған құрғақ сүт сарысуы, банан үлпектері. Құрамында глютен іздері болуы мүмкін.

Тағамдық құндылығы100 г құрғақ өнімде
 

бір порцияда

(25 г өнім + 140-160 мл су)
 

Энергетикалық құндылығы, кДж/ккал1736/415
 
521/125
 
Ақуыз, г14,74,4
Май, г10,33,1
Көмірсулар, г66,019,8
Ылғал, г, көп емес8,0
 

 
Минералды заттар:  
натрий, мг178,053,8

 

Отзывы

Яндекс.Метрика