Cипаттамасы
Көп тағамдық аллергия және мальабсорбция синдромы кезінде
Сиыр сүтінің ақуызына аллергия және тағамдық аллергия, сондай-ақ ішектің мальабсорбция синдромы және созылмалы іш өтуі кезінде сарысу ақуыздарының терең гидролизаты негізіндегі құрғақ қоспа.
Құрамының ерекшеліктері
Сарысу ақуыздарының терең гидролизаты ферментативті гидролиздің арнайы технологияларын қолданудың арқасында қысқа пептидтерге және бос аминқышқылдарға дейін ыдырайды, оңай сіңеді, аллергия тудырмайды, асқазан-ішек жолы функциясының қалпына келуіне ықпал етеді.
Лактозасыз – мальтодекстрин мен глюкоза шәрбаты оңай сіңеді, ішектер мен ферменттік жүйелерге салмақ түсірмейді.
Орташа тізбекті триглицеридтер (ОТТ) – оңай сіңеді және асқазан-ішек жолында сіңу процестері бұзылған кезде ағзаға энергияның келіп түсуін кепілді түрде қамтамасыз етеді.
Ана сүтіндегідей маңызды қоректік заттар
Омега-3 /Омега-6 (DHA/ARA) – май қышқылдары, бас миының интеллектті дамыту және көздің көру жітілігін сақтау үшін таптырмайтын құрылымдық компоненттері.
Нуклеотидтер иммундық жүйенің қалыптасуына және асқазан-ішек жолының жетілуіне септігін тигізеді.
Дәрумендер, макро және микроэлемент – өмірінің алғашқы жылындағы балалардың қажеттіліктерін ескере отырып арнайы жасалған теңдестірілген кешен баланың үйлесімді өсуіне және дамуына ықпал етеді.
Құрамында ГМА жоқ.
Маңызды! Терең сарысу гидролизатының болуы қоспаға өзіндік иіс пен ашқылтым дәм береді.
Инструкция
· Алдын-ала дайындалған ыдысқа сәбилерге арналған, 40-45°С дейін ысытылған суды қажетті мөлшерде құйыңыз. Балалар ауыз суы болмаған кезде, 40-45°С-ге дейін суытылған қайнатылған суды қолдануға болады.
· Су құйылған шағын шөлмектің ішіне құрғақ қоспаның өлшеуіш қасығының қажетті мөлшерін салыңыз (тамақ беру кестесін қараңыз), бұл кезде, қоспаның артығын қасықтың бетінен пышақтың доғал шетімен алып тұрыңыз.
· Шағын шөлмекті жауып, қоспа толықтай ерігенге дейін шайқаңыз.
· Білектің ішкі жағымен дайын қоспаның температурасын тексеріңіз.
Дайындалған қоспа 2 сағат ішінде қолданылуы тиіс.
Шағын шөлмекте қалып қойған дайын қоспаның қалдығын келесі рет тамақ беру үшін пайдаланбаңыз.
Пакетті ашқаннан кейін құрғақ қоспаны құрғақ та салқын жерде (бірақ тоңазытқышта емес) 3 аптадан асырмай сақтаңыз.
Құрамы
мальтодекстрин, глюкозалық шәрбат, сарысу ақуыздарының гидролизаты, өсімдік майлары (пальма майы, соя майы, кокос майы, жүгері майы), орта тізбекті триглицеридтер, минералды заттар (кальций фосфаты, калий фосфаты, калий хлориді, кальций карбонаты, натрий хлориді, темір сульфаты, мырыш сульфаты, мыс сульфаты, марганец хлориді, калий йодиді, натрий селениті), эмульгатор (глицериннің, лимон қышқылының және май қышқылдарының эфирлері, май қышқылдарының моно- және диглицеридтері), балық майы (докозагексаен DHA және эйкозапентаен EPA қышқылдарының көзі), Mortierella Alpina майы (ARA арахидон қышқылының көзі), дәрумендер (L-аскорбин қышқылы, DL-альфа-токоферол ацетат, никотинамид, кальций D-пантотенады, рибофлавин, ретинол ацетат, пиридоксин гидрохлорид, тиамин гидрохлорид, фолий қышқылы, филлохинон, D-биотин, D3 холе- кальциферол, цианкобаламин), холин битартраты, таурин, инозит, нуклеотидтер (цитидин-5’-монофосфор қышқылы, уридин-5’-монофосфат динатрий тұзы, аденозин-5’-монофосфор қышқылы, гуанозин-5’- монофосфат динатрий тұзы, инозин-5’-монофосфат динатрий тұзы), L-карнитин, тотықсыздандырғыш (L-аскорбилпальмитат). Құрамында ГТА жоқ.
Пищевая ценность
Тағам құндылығы100 г құрғақ қоспада | 100 г құрғақ қоспада | 100 мл дайын қоспада |
---|---|---|
Энергетикалық құндылығы, ккал/кДж | 512/2144 | 67/279 |
Ақуыз, г | 14,6 | 1,9 |
таурин, мг | 32 | 4,2 |
Май, г, | 27 | 3,5 |
орташа тізбекті триглицеридтер, майдың жалпы мөлшерінен % | 40 | |
линол қышқылы г | 4,2 | 0,05 |
линол қышқылы, май қышқылдарының жалпы мөлшерінен % | 16 | |
а-линолен қышқылы, г | 0,44 | 0,06 |
арахидон қышқылы, мг | 54,0 | 7 |
докозагексаен қышқылы, мг | 54,0 | 7 |
эйкозапентаеновая кислота, мг | 12,0 | 1,5 |
Көмірсулар, г | 52,7 | 7,0 |
Минералды заттар: | ||
кальций, мг | 440 | 57 |
фосфор, мг | 260 | 34 |
калий, мг | 550 | 72 |
натрий, мг | 185 | 24 |
магний, мг | 55 | 7,2 |
мыс, мкг | 350 | 46 |
марганец, мкг | 54 | 7,0 |
темір, мг | 6,1 | 0,8 |
мырыш, мг | 5,3 | 0,7 |
хлоридтер, мг | 420 | 55 |
йод, мкг | 92 | 12 |
селен, мкг | 11,4 | 1,5 |
Күл, г | 3,8 | 0,5 |
Дәрумендер: | ||
ретинол (А), мкг-экв. | 470 | 61 |
токоферол (Е), мг | 9,2 | 1,2 |
кальциферол (Д), мкг | 9,2 | 1,2 |
К дәрумені, мкг | 22 | 2,9 |
тиамин (В1), мкг | 384 | 50 |
рибофлавин (В2), мкг | 680 | 88 |
пантотен қышқылы, мг | 2,7 | 0,35 |
пиридоксин (В6), мкг | 420 | 55 |
ниацин (РР), мг | 4 | 0,52 |
фолий қышқылы, мкг | 62 | 8 |
цианокобаламин (В12), мкг | 1,7 | 0,22 |
аскорбин қышқылы (С), мг | 65 | 8,5 |
биотин, мкг | 15 | 2,0 |
Нуклеотидтер, мг | 24,6 | 3,2 |
Инозит, мг | 27 | 3,5 |
Холин, мг | 54 | 7 |
L- карнитин, мг | 7,8 | 1,0 |
Осмолялдығы, мОсм/кг | - | 250 |