Nutrilak ПЕПТИДИ СЦТ

Nutrilak ПЕПТИДИ СЦТ

Көп тағамдық аллергия және мальабсорбция синдромы кезінде

Сиыр сүтінің ақуызына аллергия және тағамдық аллергия, сондай-ақ ішектің мальабсорбция синдромы және созылмалы іш өтуі кезінде сарысу ақуыздарының терең гидролизаты негізіндегі құрғақ қоспа.

Құрамының ерекшеліктері

Сарысу ақуыздарының терең гидролизаты ферментативті гидролиздің арнайы технологияларын қолданудың арқасында қысқа пептидтерге және бос аминқышқылдарға дейін ыдырайды, оңай сіңеді, аллергия тудырмайды, асқазан-ішек жолы функциясының қалпына келуіне ықпал етеді.

Лактозасыз – мальтодекстрин мен глюкоза шәрбаты оңай сіңеді, ішектер мен ферменттік жүйелерге салмақ түсірмейді.

Орташа тізбекті триглицеридтер (ОТТ) – оңай сіңеді және асқазан-ішек жолында сіңу процестері бұзылған кезде ағзаға энергияның келіп түсуін кепілді түрде қамтамасыз етеді.

 

Ана сүтіндегідей маңызды қоректік заттар

Омега-3 /Омега-6 (DHA/ARA) – май қышқылдары, бас миының интеллектті дамыту және көздің көру жітілігін сақтау үшін таптырмайтын құрылымдық компоненттері.

Нуклеотидтер иммундық жүйенің қалыптасуына және асқазан-ішек жолының жетілуіне септігін тигізеді.

Дәрумендер, макро және микроэлемент – өмірінің алғашқы жылындағы балалардың қажеттіліктерін ескере отырып арнайы жасалған теңдестірілген кешен баланың үйлесімді өсуіне және дамуына ықпал етеді.

Құрамында ГМА жоқ.

Маңызды! Терең сарысу гидролизатының болуы қоспаға өзіндік иіс пен ашқылтым дәм береді.

Құрамы:

мальтодекстрин, глюкозалық шәрбат, сарысу ақуыздарының гидролизаты, өсімдік майлары (пальма майы, соя майы, кокос майы, жүгері майы), орта тізбекті триглицеридтер, минералды заттар (кальций фосфаты, калий фосфаты, калий хлориді, кальций карбонаты, натрий хлориді, темір сульфаты, мырыш сульфаты, мыс сульфаты, марганец хлориді, калий йодиді, натрий селениті), эмульгатор (глицериннің, лимон қышқылының және май қышқылдарының эфирлері, май қышқылдарының моно- және диглицеридтері), балық майы (докозагексаен DHA және эйкозапентаен EPA қышқылдарының көзі), Mortierella Alpina майы (ARA арахидон қышқылының көзі), дәрумендер (L-аскорбин қышқылы, DL-альфа-токоферол ацетат, никотинамид, кальций D-пантотенады, рибофлавин, ретинол ацетат, пиридоксин гидрохлорид, тиамин гидрохлорид, фолий қышқылы, филлохинон, D-биотин, D3 холе- кальциферол, цианкобаламин), холин битартраты, таурин, инозит, нуклеотидтер (цитидин-5’-монофосфор қышқылы, уридин-5’-монофосфат динатрий тұзы, аденозин-5’-монофосфор қышқылы, гуанозин-5’- монофосфат динатрий тұзы, инозин-5’-монофосфат динатрий тұзы), L-карнитин, тотықсыздандырғыш (L-аскорбилпальмитат). Құрамында ГТА жоқ.

Құрамында ГМА жоқ.

 

·         Балаға тамақ беруге арналған барлық ыдысты ең кемі 5 минут бойы қайнатыңыз.
·         Алдын-ала дайындалған ыдысқа сәбилерге арналған, 40-45°С дейін ысытылған суды қажетті мөлшерде құйыңыз. Балалар ауыз суы болмаған кезде, 40-45°С-ге дейін суытылған қайнатылған суды қолдануға болады.
·         Су құйылған шағын шөлмектің ішіне құрғақ қоспаның өлшеуіш қасығының қажетті мөлшерін салыңыз (тамақ беру кестесін қараңыз), бұл кезде, қоспаның артығын қасықтың бетінен пышақтың доғал шетімен алып тұрыңыз.
·         Шағын шөлмекті жауып, қоспа толықтай ерігенге дейін шайқаңыз.
·         Білектің ішкі жағымен дайын қоспаның температурасын тексеріңіз.

 

Қоспаны, тамақ берер алдында ғана дайындаңыз.
Дайындалған қоспа 2 сағат ішінде қолданылуы тиіс.
Шағын шөлмекте қалып қойған дайын қоспаның қалдығын келесі рет тамақ беру үшін пайдаланбаңыз.

 

Пакетті ашқан сәтке дейін, құрғақ қоспаны 0°С-ден 25°С-ге дейінгі температурада және ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 75%-дан аспаған жағдайда сақтаңыз.
Пакетті ашқаннан кейін құрғақ қоспаны құрғақ та салқын жерде (бірақ тоңазытқышта емес) 3 аптадан асырмай сақтаңыз.

Тағам құндылығы100 г құрғақ қоспада 100 г құрғақ қоспада 100 мл дайын қоспада
Энергетикалық құндылығы, ккал/кДж 512/2144 67/279
Ақуыз, г 14,6 1,9
таурин, мг 32 4,2
Май, г, 27 3,5
орташа тізбекті триглицеридтер, майдың жалпы мөлшерінен % 
40
линол қышқылы г 4,2 0,05
линол қышқылы, май қышқылдарының жалпы мөлшерінен % 16
а-линолен қышқылы, г 0,44 0,06
арахидон қышқылы, мг 54,0 7
докозагексаен қышқылы, мг 54,0 7
эйкозапентаеновая кислота, мг 12,0 1,5
Көмірсулар, г 52,7 7,0
Минералды заттар:
кальций, мг 440 57
фосфор, мг 260 34
калий, мг 550 72
натрий, мг 185 24
магний, мг 55 7,2
мыс, мкг 350 46
марганец, мкг 54 7,0
темір, мг 6,1 0,8
мырыш, мг 5,3 0,7
хлоридтер, мг 420 55
йод, мкг 92 12
селен, мкг 11,4 1,5
Күл, г 3,8 0,5
Дәрумендер:
ретинол (А), мкг-экв. 470 61
токоферол (Е), мг 9,2 1,2
кальциферол (Д), мкг 9,2 1,2
К дәрумені, мкг 22 2,9
тиамин (В1), мкг 384 50
рибофлавин (В2), мкг 680 88
пантотен қышқылы, мг 2,7 0,35
пиридоксин (В6), мкг 420 55
ниацин (РР), мг 4 0,52
фолий қышқылы, мкг 62 8
цианокобаламин (В12), мкг 1,7 0,22
аскорбин қышқылы (С), мг 65 8,5
биотин, мкг 15 2,0
Нуклеотидтер, мг 24,6 3,2
Инозит, мг 27 3,5
Холин, мг 54 7
L- карнитин, мг 7,8 1,0
Осмолялдығы, мОсм/кг - 250

Рекомендуем для вас

Официальный сайт производителя детского питания Nutrilak создан в помощь молодым родителям. Здесь есть не только полная информация о нашей продукции: молочных смесях, кашах, специализированных продуктах для беременных и кормящих, но и полезные материалы для мам и пап.

В разделе Школа мам вы найдете статьи и видеоуроки о питании, росте, развитии детей первого года жизни и старше. Мы ответили на частые вопросы о детском здоровье, психологии, продуктах для детей, собрали советы экспертов. Не нашли ответа на свой вопрос? Пишите, будем рады помочь!