Cипаттамасы
Кесар тілігі арқылы туған балаларға арналған.
Кесар тілігі арқылы туған балалардың ішегін лакто- және бифидобактерияларға толтыратын балаларға арналған құрғақ сүт қоспасы. Дисбиоз (микробтардың теңгерімсіздігі) кесар тілігі арқылы туғанда, антибиотиктерді қолданғаннан кейін, ішек инфекцияларымен ауырғаннан кейін, қоспаларды дұрыс таңдамағанда немесе жиі ауыстырғанда пайда болады. Иммунитет ішек микробиотасының жағдайына байланысты. Балада өмірінің алғашқы жылында иммундық жүйенің жетілуіне септігін тигізетін лакто- және бифидобактериялар басым болуы тиіс.
Иммунитетке үш есе көмек
Әлемдегі №1 пробиотик – L.rhamnosus LGG® лактобактериялары туғаннан бастап балалар үшін ең тиімді және қауіпсіз болып табылады, респираторлық және ішек инфекцияларынан қорғайды.
BB-12® бифидобактериялары ішекте көбейіп, пайдалы микрофлораның тепе-теңдігін қамтамасыз етеді, зиянды микроағзалардың көбеюіне кедергі келтіреді.
Пребиотиктер (GOS) ішектің пайдалы микрофлорасының өсуін қолдайды.
Теңдестірілген бірегей май құрамы
- ·Құрамында табиғи сүт майы бар
Сүт майының құрамында мидың дұрыс дамуы және зат алмасудың жақсаруы үшін қажетті компоненттер бар, оңай сіңеді және баланың жылдам өсуі үшін қуат көзі болып табылады.
- Құрамында пальма және рапс майлары жоқ
Пальма майында емшек сүтіндегідей пальмитин қышқылы бар. Емшек сүтінен айырмашылығы – пальма майындағы пальмитин қышқылы α-пальмитат түрінде болады және нашар сіңеді, бұл іш қатуға, алынатын энергияның жетіспеушілігіне және кальцийдің нәжіспен бірге шығып кетуіне алып келуі мүмкін.
Ана сүтіндегідей маңызды қоректік заттар
Омега-3 (DHA) – май қышқылдары, бас миының интеллектті дамыту және көздің көру жітілігін сақтау үшін таптырмайтын құрылымдық компоненттері.
Лютеин – бала көзінің ішкі тор қабығын қорғау функциясын орындайтын маңызды антиоксидант.
Нуклеотидтер – иммундық жүйенің қалыптасуы және асқазан-ішек жолының жетілуі үшін басты компоненттер.
Құрамында ГМА жоқ.
Құрамында қант, консерванттар, бояғыштар және хош иістендіргіштер жоқ.
Инструкция
- Балаға тамақ беруге арналған барлық ыдысты ең кемі 5 минут бойы қайнатыңыз.
- Су құйылған шағын шөлмектің ішіне құрғақ қоспаның өлшеуіш қасығының қажетті мөлшерін салыңыз (тамақ беру кестесін қараңыз), бұл кезде, қоспаның артығын қасықтың бетінен пышақтың доғал шетімен алып тұрыңыз.
- Шағын шөлмекті жауып, қоспа толықтай ерігенге дейін шайқаңыз.
- Білектің ішкі жағымен дайын қоспаның температурасын тексеріңіз.
Қоспаны, тамақ берер алдында ғана дайындаңыз.
Дайындалған қоспа 2 сағат ішінде қолданылуы тиіс.
Шағын шөлмекте қалып қойған дайын қоспаның қалдығын келесі рет тамақ беру үшін пайдаланбаңыз.
Пакетті ашқан сәтке дейін, құрғақ қоспаны 0°С-ден 25°С-ге дейінгі температурада және ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 75%-дан аспаған жағдайда сақтаңыз.
Пакетті ашқаннан кейін құрғақ қоспаны құрғақ та салқын жерде (бірақ тоңазытқышта емес) 3 аптадан асырмай сақтаңыз
Пищевая ценность
Тағам құндылығы | 100 г құрғақ қоспада | 100 мл дайын қоспада |
---|---|---|
Энергетикалық құндылығы, ккал/ кДж | 2128/ 508 | 277/ 66 |
Ақуыз, г | 10,0 | 1,3 |
сүт сарысуының ақуызы/казеин, % | 65/35 | |
Таурин, мг | 46 | 6,0 |
Май, г | 26,5 | 3,4 |
сүт майы, майдың жалпы мөлшерінен % | 25 | |
линол қышқылы, г | 4,79 | 0,62 |
линол қышқылы, май қышқылдарының жалпы мөлшерінен % | 19 | |
а-линолен қышқылы, г | 0,57 | 0,07 |
арахидон қышқылы, мг | 49 | 6,4 |
докозагексаен қышқылы, мг | 49 | 6,4 |
эйкозапентаеновая кислота, мг | 11 | 1,4 |
Көмірсулар, г | 57,8 | 7,5 |
лактоза, г | 38 | 4,9 |
лактоза, % от общего количества углеводов | 66 | |
пребиотиктер: галактоолигосахаридтер, г | 0,8 | 0,1 |
Минералды заттар: | ||
кальций, мг | 500 | 65 |
фосфор, мг | 260 | 34 |
калий, мг | 507 | 66 |
натрий, мг | 154 | 20 |
магний, мг | 43,7 | 5,7 |
мыс, мкг | 354 | 46 |
марганец, мкг | 65 | 8,5 |
темір, мг | 6,0 | 0,8 |
мырыш, мг | 6,0 | 0,8 |
хлоридтер, мг | 323 | 42 |
йод, мкг | 92 | 12 |
селен, мкг | 10 | 1,3 |
Күл, г | 3,0 | 0,4 |
Дәрумендер: | ||
ретинол (А), мкг-экв. | 470 | 61 |
токоферол (Е), мг | 9,1 | 1,2 |
кальциферол (Д), мкг | 9,2 | 1,2 |
К дәрумені, мкг | 34 | 4,4 |
тиамин (В1), мкг | 400 | 52 |
рибофлавин (В2), мкг | 1367 | 178 |
пантотеновая кислота, мг | 3,2 | 0,42 |
пиридоксин (В6), мкг | 510 | 66 |
ниацин (РР), мг | 4,2 | 0,55 |
фолиевая кислота, мкг | 82 | 11 |
цианокобаламин (В12), мкг | 1,7 | 0,22 |
аскорбиновая кислота (С), мг | 77 | 10 |
биотин, мкг | 15 | 2,0 |
Нуклеотиды, мг | 20 | 2,6 |
Лютеин, мкг | 92 | 12 |
Инозит, мг | 31 | 4,0 |
Холин, мг | 61,5 | 8,0 |
L-карнитин, мг | 12 | 1,5 |
Осмоляльность, мОсм/кг | 290 |