Top.Mail.Ru

Баланың тісі жарып шығу белгілері. Сәбидің тісі шығыу

Жарияланды: 26.11.2024
Оқу уақыты:
count 2071

Баланың тісі жарып шығу белгілері. Сәбидің тісі шығыу

прорезывание зубов.jpg

 Сілекейдің көп бөлінуі

Нәрестелерде сілекейдің бөлінуі - әдеттегідей жағдай, дегенмен оның мөлшері соншалықты көп болса, тістердің шығуына назар аударған жөн.

Сілекейдің артық бөлінуі және оның салдары

Сілекейдің артық бөлінуі балалардың жайсыздық сезінуіне және терінің тітіркенуіне әкелуі мүмкін. Сондықтан ата-аналар бұл мәселе бойынша  дәрігермен ерте кеңескені дұрыс.

Сілекей бөлінудің басқа мүмкін себептері

Сілекейдің артық бөлінуі сонымен қатар түрлі себептерден де болуы мүмкін. Мысалы - асқазан-ішек жолдарының проблемалары немесе аллергиялық реакциялар, онда дәрігерге жүгінуі керек. 

Тістің жарып шығуына байланысты қызыл иектің ісінуі және қышуы

Тістердің шығуы кезінде қызыл иектің ісінуі мен қышуы балаларда жиі кездесіп, ата-аналарға ыңғайсыздық тудырады.

Қызыл иектің түсі мен құрылымының өзгеруі

Қызыл иектің қызаруымен қатар оның бетінде кішкентай ойықтар немесе ақшыл дақтар да пайда болады. Бірнеше күннен кейін жарып шыққан тістің ұшы көріне бастайды. 

Қышу сезімін жеңілдету үшін баланың әрекеттері

Ыңғайсыздықты жеңілдетуге тырысып бала өз қолдарын аузына жиі апарып саусақтарын сорып немесе қызыл иектерін бір нәрсемен қышытуы мүмкін.

Баланың тітіркенуі және жылауы

Тістің шығуы — балалар мен ата-аналар үшін оңай кезең емес. Бала мазасыз болып, жиі жылап, сезімталдық танытуы мүмкін. 

Тіс жару кезіндегі ауырсыну сезімі

Тіс иектің бетіне шығу үшін, тістің жақ сүйегінің тінінен және қызыл иектен өтеді. Бұл ауырсынуды тудыруы мүмкін, себебі тіс қызыл иектен "өсіп", оның бүтіндігін бұзады. 

Тыныштандыру әдістері

Ауырсынуды жеңілдету үшін ата-аналар, баланың қызыл иегіне массаж жасап, арнайы гелін қолданып, оны қызықты ойындармен алдауға болады.

Ұйқының бұзылуы

Тіс шыққан кезде балаларда ұйқының бұзылуы жиі кездеседі. Түнде бірнеше рет оянып мазасыз болуы мүмкін.

Баланың ұйқысыздығының себебі

Ұйқының нашарлауы ауырсыну мен дискомфорттан туындайды. Баланың ағзасы стресске ұшыраған кезде, олар жиі оянып, ұйқысының сапасы төмендейді. Көңіл-күйі мен күндізгі белсенділігі түседі.

Түнгі тыныштандыру тәсілдері

1. Тыныштандыратын жұмсақ әуен қосу, бесік жырын айту.
2. Тыныш, жұбататын ойындар ойнау, ұйқы алдында кітап оқу.
3. Үлкенірек балаларды жылы ваннаға түсіру.
4. Жылы сүт пен су ұсыну.
5. Бүйірімен жатқызу - бұл қызыл иектегі қысымды жеңілдетеді.

Тәбеттің төмендеуі

Тіс шыққан кезде балалар мазасызданады, және тәбеттің төмендеуі жиі кездеседі, себебі ауырсыну тамақтануға кедергі келтіреді.

Тамақтануға байланысты жайсыздық

Тағамды шайнау мен қабылдау қиынырақ болғандықтан жұмсақ немесе сорпа түрінде ас әзірлеуге болады.

 Баланың тамақтану режимін сақтау

Балалардың тәбеті төмендегенімен, тамақтану режимін сақтау маңызды. Қызығушылығын арттыру үшін түрлі жұмсақ дәмді тағамдарды ұсыну керек.

Құлаққа, бетке немесе жаққа қол тигізу

Баланың тісінің шығуының белгілерінің бірі – ол баланың өзінің құлағын, бетін және жағын қайта-қайта ұстай беру.

Ауырсынудың таралуы

Бет мүшелері бір-бірімен байланысты болғандықтан ауырсыну құлақтарға және мұрынға да берілуі мүмкін. Әсіресе, ит тістері шыққанда көздің жасы пайда болып конъюнктивитке әкелуі мүмкін.

Басқа аурулардан айырмашылығы

Тіс шыққанда мұрыннан ағу - су тәрізді, мөлдір сұйықтық болып келеді. 3-тен 5 күнге дейін созылса арнайы емдеуді талап етпейді. Мұрында шырыш артық өндіріліп, тамағын тітіркендіргеннен бала рефлекторлы түрде жүтеледі. Егер мұрыннан ағу жасыл немесе сары түсті болып, тыныс алуында қиындық болса, онда бұл инфекциялық аурудың белгісі болуы мүмкін. 

Дене қызуының көтерілуі

Тіс шыққан кезде баланың дене температурасының көтерілуі қалыпты жағдай болып табылады.

Балаларда тісі шығу кезінде температураның болуы қалыпты жағдай ма? Иммундық жүйе белсенді жұмыс істегеннен қызыл иектің қабынуы кезінде температура көтеріледі.

прорезывание зубов мама.jpg


Тіс шыққан кезде температура қанша сақталады?  

3-5 күнге дейін созылуы мүмкін.

Тіс шыққан кезде температураның қаншаға көтерілуі алаңдатуы керек? 

 37,5°C-қа дейін көтерілуі - қалыпты жағдай, егер 38°C-тан асса - белгілі бір шараларды қолданған жөн.

Температураны түсіру керек пе?

 Егер 38°C-тан асса немесе балада басқа алаңдататын белгілер болса (мазасыздық, тамақтанудан бас тарту, құсу, диарея), онда дәрігермен кеңескен жөн. 

Қызуды төмендету әдістері

Кез келген шараларды қолданар алдында дәрігермен кеңескен жөн.
1. Баланың маңдайына суық компресс жасау немесе сол уақытта салқын сумен баланың денесін ысу керек. 
2. Дәрігер ұсынған ауырсынуды басатын, қызуды төмендететін дәрілерді беруге болады.
3. Балаға су ұсыну.
4. Жеңіл және ауа өткізетін киім кигізу.
5. Бөлме үнемі ыстық болмауы керек: температура 19-20°C.


Тіс жару кезінде ата-аналарға арналған кеңестер

Қолдау көрсету және тыныштандыру

Ата-аналар баланың жайлылығын қамтамасыз ету үшін ерекше қолдау көрсетуі қажет: құшақтап, жылы сөздер айтып, сүйікті ойыншықтарын беру.

Тіс жаруды жеңілдету үшін қолданылатын құралдар

Ауырсынуды жеңілдету үшін арнайы құралдарды қолдану өте маңызды. Бұл құралдар балалардың жайлылығын арттырады.

Салқындатылған тіс шығаратын ойыншықтар

Арнайы тіс шайнағыштар ыңғайсыздықты айтарлықтай азайтады. Бұл - тоңазытқышта салқындатылатын (мұздатқышта емес) сұйық толтырғышы (су немесе гель) бар арнайы силиконды ойыншықтар. 

Құрамында гелі бар құралдар

Балаларға арналған стоматологиялық гельдер ауырсынуды тез жеңілдетеді. Шөптік гельді немесе аралас препаратты таңдау керек: анестетиктермен және шөптермен. Бірақ аралас гельдерді өте мұқият пайдалану керек, тек басқа әдістер жұмыс істемейтін кезде. Дегенмен, гельдердің кемшіліктері бар: бензокаин және лидокаин сияқты анестетикалық гельдер балалар үшін қауіпті болуы мүмкін, себебі олардың әсері қысқа мерзімді және артық дозалану ауыр зардаптарға, соның ішінде құрысулар мен тыныс алу мәселелеріне әкелуі мүмкін. Өсімдік негізіндегі гельдер аздап ауырсынуды қамтамасыз етеді, бірақ олар аллергиялық реакция тудыруы мүмкін. Гельдің кесірінен болатын қиындықтар сирек кездескеніне қарамастан, алғашқы қолданғаннан кейін баланы бақылаусыз қалдыруға болмайды.
○ Баланың денсаулығын қадағалау


Қызу немесе басқа белгілердің күшеюі

Температураның көтерілуі - табиғи процесс, себебі ағзаның қорғаныс механизмі белсендіріледі. Жоғары температура бала үшін қолайсыздық туғызады.

Дәрігерге қашан қаралу керек?

Кейде бұл симптомдар вирустық немесе бактериялық инфекцияны жасыруы мүмкін. Ол «өзінен-өзі кететінін» күтпей, баланың температурасы 38,5°С жоғары болса, ол енжарлық және ұйқышыл болса, тамақтан бас тартса немесе құсу, іш өту (диарея) басталса дәрігерге жүгіну керек.

 

Қорытынды

  • Сәбидің тіс жарып шығу белгілерін тану және оларға дұрыс әрекет ету
     

  • Сәбидің тіс жарып шығу белгілерін тану және уақытында қажетті шаралар қабылдау ата-аналардың міндеті. 

  • Алғашқы сүт тістерінің шығуы көп жағдайда нәресте өмірінің 4-8 айында басталып, 3 жасқа дейін аяқталады. 

  • Көптеген жағдайларда тұрақты тістерге ауысу 5-6 жасқа толғанда басталады. Сондықтан сүт тістері тұрақты тістермен толығымен ауыстырылғанша олардың тұтастығы мен гигиенасын қадағалау өте маңызды.

Информация проверена экспертом

Яндекс.Метрика