Top.Mail.Ru

Жүктілік мерзімін есептеу және бала босану күнін анықтау мүмкін бе?

Жарияланды: 24.12.2024
Оқу уақыты:
count 4

Жүктілік мерзімін есептеу және бала босану күнін анықтау мүмкін бе? Жүктілік мерзімі қалай дұрыс есептеледі? Толықтай ақпарат.

Жүктілік мерзімін қалай есептеу болады? Негізгі әдістері.

Соңғы етеккірдің алғашқы күнінен есептеу керек

Жүктілік мерзімін анықтаудың бірінші тәсілі – етеккірдің соңғы күнінен бастап есептеу. Мұндай әдіс әйелдер арасында кеңінен таралған әдіс болып саналады. 

  •  Негізгі принциптері
    Ұрықтану процессінен кейін келесі етеккір жүктіліктің 4-ші аптасында басталады. Бұл әдіс ұрықтандырылған жұмыртқаның овуляцияға дейін бөліне бастайтынын білдіреді. Бұл әдіс акушерлік гестациялық жасты есептеу кезде қолданылады.
  • Есептеудің артықшылықтары мен кемшіліктері
    Бұл әдіс тұрақты етеккір циклінің уақытын дәл есептеуге жиі мүмкіндік береді. Дегенмен, бұл әдіспен есептелген жүктілік мерзімінде екі аптаға ауытқушылық байқалуы мүмкін. 

Овуляция күні бойынша есептеу

Фолликулдардың жарылу процесін овуляция деп атайды. Бұл етеккір циклінің ортасында болады. Осы уақытта жүкті болу мүмкіндігі артады. Егер ұрық түзілген күн белгілі болса, осы күнге екі аптаны қосып, акушерлік жүктілік мерзімін есептеуге болады.

Овуляцияны анықтау әдістері

  •  Овуляцияны дәріханалық тест арқылы анықтауға болады. Тест зәрдегі лютеинизация гормонының концентрациясын анықтауға негізделген. Овуляция алдында бұл гормон бірден ең жоғары көрсеткіштерге жетеді.
  •  Фолликулометрия – дәрігер УДЗ арқылы циклдің бірінші кезеңінде фолликулдың жетілуін және эндометриядағы өзгерістерді бақылайды, екінші кезеніңде - овуляция процесін зерттейді. 
  •  Цикл анық және тұрақты болған жағдайда ғана овуляция күнін математикалық түрде есептеуге болады. Ол үшін циклдің ұзақтығынан 14-ті алып тастау керек, 28 күндік циклде овуляция дәл ортасына келеді : 28-14 = 14. Егер цикл қысқа (24 күн) болса, онда овуляция 10-шы күні болады. Ал бұл мерзімнен көп болса, былай есептеуге болады: 33-14 = 19-шы күн.

Есептеудің дәлдігі

Егер овуляция немесе жыныстық қатынасқа түскен күн белгілі болса, онда ол ұрықтану күні екенін білдірмейді. Себебі, сперматозоид 4-5 күн ішінде, кейде тіпті бір апта ішінде ұрықтануға қабілетті, ал жетілген аналық жасуша овуляциядан кейін 2 күн ішінде жүктілік қабілетін сақтайды. Сондықтан дәл сол күнді ұрықтанған күн ретінде толық сеніммен санауға болмайды. 
 

УДЗ арқылы есептеу

УДЗ-дің жүктілік мерзімін анықтаудағы рөлі


Бірінші триместрде (5-12 апта) жүктілік мерзімі эмбрионның ұзындығы арқылы дәл анықталады. Орта кезеңде (13-24 апта) ұрықтың басының өлшемі, іш айналымы және аяқ сүйектерінің ұзындығына негізделеді. Сондықтан, ерте кезеңдерде медициналық жабдықтардың көмегіне жүгінуге тура келеді, яғни УДЗ арқылы анықталған жүктіліктің мерзімі әдетте дәлірек болып келеді. Ал кейінірек (25 аптадан бастап) құрсақтағы нәрестенің жеке өсу ерекшеліктеріне байланысты мерзімді анықтау қиындайды.

 Есептеудің артықшылықтары

Жүктіліктің мерзімін УДЗ арқылы анықтау – ең сенімді әдістердің бірі. УДЗ жүктіліктің түрлі кезеңдерінде нәрестенің дамуын бақылап, жүктіліктің мерзімін дәл есептеуге көмектеседі.

 Жүктілік мерзімін есептеудің қосымша әдістері

Қан талдауымен (ХГЧ деңгейі) есептеу
Жүктілікті анықтаудың ең кең тараған және ерте анықтау әдістерінің бірі – ХГЧ (адамның хориондық гонадотропині) гормонының деңгейін тексеру, оның концентрациясы жүктіліктің алғашқы апталарында тез өседі деп саналады.


 

Жүктілік тестілері

Қалай дұрыс қолдану керек?


Біріншіден, тесттің жарамдылық мерзімі дұрыс болуы керек. Екіншіден, әйел адам таңғы зәрді қолдану керек, себебі сол уақытта ХГЧ концентрациясы жоғары болады. Зәрді арнайы бөлігіндегі жолаққа тамызу немесе арнайы контейнерге жинап, тестті оған батыру керек. Егер әлсіз сызық болса, бірнеше күннен кейін тестті қайталау керек немесе ХГЧ деңгейін анықтау үшін қан тапсыруға болады.

Бала босану мерзімін есептеудегі қиындықтар. Қандай қиындықтар туындауы мүмкін?

Тұрақты емес етеккір циклі


Егер етеккір циклі тұрақсыз болса немесе әйел етеккірдің болмауына байланысты жүкті болып қалса, онда еттеккір бойынша босанатын мерзімін анықтау қиын. Мұндай кезде жүктілік мерзімін УДЗ арқылы анықтауға тура келеді.
 

Овуляцияның кеш немесе ерте болуы


Ерте немесе кеш овуляция қысқа етеккір циклімен, гормоналды контрацептивтерді қабылдауды тоқтатумен және күйзеліспен байланысты болуы мүмкін. Бұл жағдайда да болжамды босану күнін нақты анықтау мүмкін емес.
 

Бірнеше жүктілік (егіздер, үшемдер)


Жатырда бірнеше ұрықтың боулын УДЗ арқылы анықтауға болады. Осылайша, дәрігер жатыр қуысында 2 немесе одан да көп эмбриондарды анықтайды. Қос егіздерде 1 сарыуыз қап болады, ал бауырлас егіздерде 2 сарыуыз қапшық болады. Егіздердің болуы жүктіліктің 4-5-ші аптасында анықталады. Қос егіздер кейінірек, 12-ші аптаға жақынырақ көрінеді. 

Жүктілік мерзімін дұрыс есептеудің маңызы

Жүктілік мерзімін дұрыс есептеу өте маңызды, өйткені бұл дәрігерлерге және болашақ анаға баланың уақтылы дамуын бақылауға, босануға дайындалуға және көптеген сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік береді. Кейін, жаңа туған баланың денсаулығы және оның әрі қарай дамуы да оның қай аптада өмірге келгенімен байланысты. 


Босанудың болжамды күнін анықтау


Болашақ ананың босанатын күнін анықтаудың бірнеше жолы бар. Бірақ барлық жағдайларда ықтималды қателік бар - 14 күн бұрын немесе кеш болуы мүмкін. Ең оңай жолы - соңғы етеккірдің бірінші күніне 9 ай және 7 күн қосу. Дегенмен, дәл 40 апта толғанда туған балалардың саны тек 5% құрайды. УДЗ өткізген кезде 8-ші аптаға дейін ұрықтанған жұмыртқаның мөлшеріне сүйене отырып, босану күні бірнеше күндік қателікпен есептеледі. 

Жүктіліктің әр кезеңіндегі маңызды тексерулер

  • Бірінші триместрде әйелдерге жүктіліктің 12 аптасына дейін жүктілікке байланысты есепке тұру үшін дәрігерге жолығу керек. Онда жалпы және биохимиялық қан анализі, коагулограмма, жалпы зәр анализі, қан тобын және резус-факторды анықтау, онкоцитологияға жағынды анализы, ЭКГ, әртүрлі ауруларға және жыныстық жолмен берілетін инфекцияларға талдау тағайындалады. Сондай-ақ терапевт, тіс дәрігері және отоларинголог мамандарына баруы тиіс. 10-12 аптада генетикалық ауытқулар қаупін анықтау үшін биохимиялық скрининг және УДЗ өткізіледі.
  • Екінші скрининг жүктіліктің 19-21 апта аралығында жүргізіледі. Бұл кезеңде ұрықтың барлық органдары анық көрінеді және болса патологияның УДЗ маркерлерін анықтауға болады. Дәрігер ұрықтың өсуі мен дамуын зерттейді. 
  • Үшінші триместрдің скринингі 31-33 апта аралығында өткізіледі, жүктіліктің екінші жартысына тән даму аномалиялары болса анықталады. Одан басқа- кардиотокография (33 аптада) және доплерографиялық УДЗ зерттеу (32-34 аптада орындалады) өткізіледі. 
    Сондай-ақ,  әр триместрге сәйкес ай сайынғы акушер-гинекологпен консультация кезінде қан мен зәр анализдеріне жолдама беріледі. Оның үстіне жүктілік кезеңінде әйелдердің орташа салмағы 11-15 келіге артады. Жүктіліктің орташа ұзақтығы 40 апта, бірақ әрбір әйелде бұл мерзім әр түрлі болуы мүмкін. Сондықтан, ай сайын болашақ ана мен баланың салмағын бақылау өте маңызды, өйткені салмақ ұрықтың дамуындағы маңызды көрсеткіш болып табылады.


 Қорытынды

Жүктілік мерзімін есептеу бойынша жалпы кеңестер.


Жүктілік мерзімін анықтау үшін жүкті әйелдің ең бірінші міндеті - дәрігерге жүгіну керек. Нәрестенің ықтималды туған мерзімі анықталғаннан кейін жүктіліктің әр кезеңімен таныс болып, ай сайынғы өзгерістер жайлы білген дұрыс.

 

 

Дәрігердің кеңесіне жүгінудің маңызы

Жүктілік тесті оң нәтижені көрсеткенде, ең алдымен дәрігерге барған дұрыс. Етеккір келмеген 2-3 аптадан кейін барғанда дәрігер УДЗ және ХГЧ анализының көмегімен жүктіліктің болуын немесе болмауын растайды, ең бастысы - жүктілік расталса - жасаушаның дұрыс орналасуы, яғни жатырдан тыс болмауын анықтау қажет. Әр түрлі әйелдердің жүктіліктің алғашқы кезіндегі орташа симптомдары бірдей болмайды, бірақ көбінде таңертеңгі жүрек айнуымен басталады. Емханаға тіркелгеннен кейін дәрігер болашақ ана мен баланың денсаулығын қадағалап отырады. Одан кейін дәрігер өз нұсқаулары мен болашақ қадамдар, яғни міндетті тексерулер мен емдеулер жайлы бөліседі. Скрининг барысында анықталған төмен немесе орташа тәуекел болған жағдайда, дәрігер оларды уақтылы бақылап, қажетті шараларды қолданады. Осылайша, босанатын әйел жаңадан туған баласымен көптен күткен кездесуге шамамен 40 апта ішінде психикалық және физикалық жағынан да толықтай дайын болып барады.
 

Яндекс.Метрика