Cипаттамасы
Тұтас дәнді. Қант қосылмаған
Қарақұмық алғашқы қосымша тамақтандыруға жарамды, өйткені құрамында глютен жоқ, ақуыздарға, амин қышқылдарына, темір мен жасұныққа бай. Ал қаймағы алынбаған құрғақ сүтпен, қара өрік үлпектерімен үйлескен қантсыз өнім дәмді ғана емес, сонымен қатар пайдалы болады.
Тұтас дәнді сүтті «Гречневая с черносливом PROCEREALS» ботқасы 4 айға толған балалар үшін таптырмас қосымша тағамға айналады және оларға күнін көңілді бастауы үшін күш-қуат береді.
100 % табиғи
· қант пен тұз қосылмаған
· құрамында пальма майы жоқ
· құрамында ГМА жоқ
· құрамында хош иiстендiргiштер жоқ
· құрамында бояғыштар мен консерванттар жоқ
· өнімнің сақталуын қамтамасыз ететін арнайы жағдайларда өлшеп оралған
Құрамының артықшылықтары
Тұтас дәнді сүтті РROCEREALS ботқалары табиғи құндылығын сақтау үшін тұтас дәндерден әзірленген.
· Осындай дәндерден дайындалған ботқаларды қосымша байытудың қажеті жоқ.
· Тұтас дәндер көмірсулардың, өсімдік ақуызының, тағамдық талшықтардың, дәрумендер мен минералды заттардың көзі болып табылады.
· Ботқа өндірісінде пайдаланбас бұрын дәндер микробиологиялық зерттеулерден өтеді.
Артық ештеңе жоқ. Тек пайдалы.
Таза салмағы: 200 г
Инструкция
1. Балаға тамақ дайындау алдында қолыңызды жуыңыз!
2. Таза ыдысты пайдаланыңыз.
3. 50 °С шамасына дейін жылытылған балаларға арналған ауызсудан немесе 50 °С шамасына дейін салқындатылған қайнаған судан 140-160 мл құйыңыз.
4. 25 г (шамамен 3-4 ас қасық) құрғақ өнімді үздіксіз араластыра отырып, біртіндеп салыңыз.
5. Толық ерігенше араластырып, тамақтандыруға қолайлы температураға дейін (36-38 °С) суытыңыз. Ботқа пайдалануға дайын.
Ботқаны араластыру үшін шанышқыны қолданған жөн.
· Ботқаны әрдайым дәл тамақтандырудың алдында дайындаңыз.
· Бұрын дайындалған ботқаның қалдығын келесі тамақтандыру үшін қолданбаңыз.
Баланың жасы мен талғамын ескере отырып, суды көбірек немесе азырақ қосу арқылы ботқаның қоюлығын өзгертуге болады.
Қосымша тамақтандыруды енгізіп бастаудың алдында педиатрмен кеңесіңіз.
Қосымша тамақтандыруды бір қасықтан бастап, 5-7 күн ішінде ботқа порциясын жас нормасына дейін ұлғайта отырып, біртіндеп енгізген жөн.
Сақтау шарттары:
• Өнімді 1-25 °С температурада және ауаның салыстырмалы ылғалдығы 75 %-дан аспайтын жағдайда сақтаңыз.
• Пакетті ашқаннан кейін өнімді құрғақ және салқын жерде 3 аптадан артық сақтамаңыз.
• Ботқаны әрдайым дәл тамақтандырудың алдында дайындаңыз.
• Бұрын дайындалған ботқаның қалдығын келесі тамақтандыру үшін қолданбаңыз.
• Әр порцияны дайындағаннан кейін ашылған пакетті мықтап жабыңыз.
Жарамдылық мерзімі: 18 ай.
2. Использовать чистую посуду.
3. Налить 80-90 мл подогретой до 50°С питьевой воды для детей или кипяченой воды, охлажденной до 50°С.
4. Постепенно высыпать, непрерывно помешивая, 30г сухого продукта (приблизительно 3 столовые ложки).
5. Перемешать до полного растворения и остудить до комфортной для кормления ребенка температуры (36-38°С). Каша готова к употреблению.
Құрамы
Тұтас дәнді қарақұмық ұны, қаймағы алынбаған құрғақ сүт, минералсызданған құрғақ сүт сарысуы, қара өрік үлпектері. Құрамында глютен іздері болуы мүмкін.
Пищевая ценность
Тағамдық құндылығы | 100 г құрғақ өнімде | бір порцияда (25 г өнім + 140-160 мл су) |
---|---|---|
Энергетикалық құндылығы, кДж/ккал | 1733/414 | 520/124 |
Ақуыз, г | 16,4 | 4,9 |
Май, г | 10,3 | 3,1 |
Көмірсулар, г | 64,0 | 19,2 |
Ылғалдылық, г, көп емес | 8,0 | |
Минералды заттар: | ||
натрий, мг | 167,0 | 50,0 |