Cипаттамасы
Тұтас дәнді. Қант қосылмаған
Бірнеше дақылдан жасалған ботқа 6 айдан асқан баланың рационын кеңейтуге көмектеседі.
Бірнеше жарманың, қаймағы алынбаған құрғақ сүттің және алма мен таңқурай үлпектерінің тұтас дәнді сүтті «Мультизлаковая с яблоком и малиной PROCEREALS» қантсыз ботқасындағы үйлесімі – баланы жаңа дәмдермен таныстырудың және өсіп келе жатқан ағзаны жаңалықтар ашуы үшін қуатқа толтырудың жақсы мүмкіндігі.
100 % табиғи
· қант және тұз қосылмаған (құрамында тек табиғи қанттар бар)
· құрамында пальма майы жоқ
· құрамында ГМА жоқ
· құрамында хош иiстендiргiштер жоқ
· құрамында бояғыштар мен консерванттар жоқ
· өнімнің сақталуын қамтамасыз ететін қорғалған атмосферада өлшеп оралған
Құрамының артықшылықтары
Тұтас дәнді сүтті РROCEREALS ботқалары табиғи құндылығын сақтау үшін тұтас дәндерден әзірленген.
· Осындай дәндерден дайындалған ботқаларды қосымша байытудың қажеті жоқ.
· Тұтас дәндер көмірсулардың, өсімдік ақуызының, тағамдық талшықтардың, дәрумендер мен минералды заттардың көзі болып табылады.
· Ботқа өндірісінде пайдаланбас бұрын дәндер микробиологиялық зерттеулерден өтеді.
Артық ештеңе жоқ. Тек пайдалы.
Таза салмағы: 200 г
Инструкция
1. Балаға тамақ дайындау алдында қолыңызды жуыңыз!
2. Таза ыдысты пайдаланыңыз.
3. 50 °С шамасына дейін жылытылған балаларға арналған ауызсудан немесе 50 °С шамасына дейін салқындатылған қайнаған судан 140-160 мл құйыңыз.
4. 25 г (шамамен 3-4 ас қасық) құрғақ өнімді үздіксіз араластыра отырып, біртіндеп салыңыз.
5. Толық ерігенше араластырып, тамақтандыруға қолайлы температураға дейін (36-38 °С) суытыңыз. Ботқа пайдалануға дайын.
Ботқаны араластыру үшін шанышқыны қолданған жөн.
· Ботқаны әрдайым дәл тамақтандырудың алдында дайындаңыз.
· Бұрын дайындалған ботқаның қалдығын келесі тамақтандыру үшін қолданбаңыз.
Баланың жасы мен талғамын ескере отырып, суды көбірек немесе азырақ қосу арқылы ботқаның қоюлығын өзгертуге болады.
Қосымша тамақтандыруды енгізіп бастаудың алдында педиатрмен кеңесіңіз.
Қосымша тамақтандыруды бір қасықтан бастап, 5-7 күн ішінде ботқа порциясын жас нормасына дейін ұлғайта отырып, біртіндеп енгізген жөн.
Сақтау шарттары:
• Өнімді 1-25 °С температурада және ауаның салыстырмалы ылғалдығы 75 %-дан аспайтын жағдайда сақтаңыз.
• Пакетті ашқаннан кейін өнімді құрғақ және салқын жерде 3 аптадан артық сақтамаңыз.
• Ботқаны әрдайым дәл тамақтандырудың алдында дайындаңыз.
• Бұрын дайындалған ботқаның қалдығын келесі тамақтандыру үшін қолданбаңыз.
• Әр порцияны дайындағаннан кейін ашылған пакетті мықтап жабыңыз.
Жарамдылық мерзімі: 18 ай.
Құрамы
Тұтас дәнді ұн (бидай, күріш, сұлы, қарақұмық), қарабидай ұны, қаймағы алынбаған құрғақ сүт, минералсызданған құрғақ сүт сарысуы, алма үлпектері, таңқурай үлпектері. Құрамында глютен бар.
Пищевая ценность
Тағамдық құндылығы | 100 г құрғақ өнімде | бір порцияда (25 г өнім + 140-160 мл су) |
---|---|---|
Энергетикалық құндылығы, кДж/ккал | 1740/416 | 522/125 |
Ақуыз, г | 15,7 | 4,7 |
Май, г | 10,5 | 3,2 |
Көмірсулар, г | 65,0 | 19,5 |
Ылғал, г, көп емес | 8,0 | |
Минералды заттар | ||
натрий, мг | 166,0 | 49,8 |