Cипаттамасы
Бір жастан асқан балаларды тамақтандыруға арналған, ваниль дәмі бар, пайдалануға дайын балалардың сүт сусыны.
Пайдалануға дайын – араластырудың, су қосудың қажеті жоқ.
Күндіз де, түнде де, үйде де, жолда да пайдалануға ыңғайлы.
Қауіпсіз асептикалық қаптама – пайдалы қасиеттерді сақтайды және бактериялардан қорғайды.
Теңдестірілген бірегей май құрамы
• Құрамында табиғи сүт майы бар
Сүт майының құрамында мидың дұрыс дамуы және зат алмасудың жақсаруы үшін қажетті компоненттер бар, оңай сіңеді және баланың жылдам өсуі үшін қуат көзі болып табылады.
• Құрамында пальма және рапс майлары жоқ
Пальма майында емшек сүтіндегідей пальмитин қышқылы бар. Емшек сүтінен айырмашылығы – пальма майындағы пальмитин қышқылы α-пальмитат түрінде болады және нашар сіңеді, бұл іш қатуға, алынатын энергияның жетіспеушілігіне және кальцийдің нәжіспен бірге шығып кетуіне алып келуі мүмкін.
Ана сүтіндегідей маңызды қоректік заттар
Омега-3 (DHA) май қышқылдары – бас миының интеллектті дамыту және көздің көру жітілігін сақтау үшін таптырмайтын құрылымдық компоненттері.
Нуклеотидтер иммундық жүйенің қалыптасуына және асқазан-ішек жолының жетілуіне септігін тигізеді.
Теңдестірілген дәруменді-минералды кешен балалар өмірінің алғашқы алты айындағы қажеттіліктерін ескере отырып арнайы жасалған, баланың үйлесімді өсуіне және дамуына ықпал етеді.
Құрамында ГМА жоқ.
Инструкция
· Балаға тамақ беруге арналған барлық ыдысты ең кемі 5 минут бойы қайнатыңыз.
· Алдын-ала дайындалған ыдысқа сәбилерге арналған, 40-45°С дейін ысытылған суды қажетті мөлшерде құйыңыз. Балалар ауыз суы болмаған кезде, 40-45°С-ге дейін суытылған қайнатылған суды қолдануға болады.
· Су құйылған шағын шөлмектің ішіне құрғақ қоспаның өлшеуіш қасығының қажетті мөлшерін салыңыз (тамақ беру кестесін қараңыз), бұл кезде, қоспаның артығын қасықтың бетінен пышақтың доғал шетімен алып тұрыңыз.
· Шағын шөлмекті жауып, қоспа толықтай ерігенге дейін шайқаңыз.
· Білектің ішкі жағымен дайын қоспаның температурасын тексеріңіз.
Қоспаны, тамақ берер алдында ғана дайындаңыз.
Дайындалған қоспа 2 сағат ішінде қолданылуы тиіс.
Шағын шөлмекте қалып қойған дайын қоспаның қалдығын келесі рет тамақ беру үшін пайдаланбаңыз.
Пакетті ашқан сәтке дейін, құрғақ қоспаны 0°С-ден 25°С-ге дейінгі температурада және ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 75%-дан аспаған жағдайда сақтаңыз.
Пакетті ашқаннан кейін құрғақ қоспаны құрғақ та салқын жерде (бірақ тоңазытқышта емес) 3 аптадан асырмай сақтаңыз.
Құрамы
Су, мальтодекстрин, құрғақ майы алынған сүт, өсімдік майлары (жоғары олеинді күнбағыс майы, соя майы, кокос майы), сүт майы, минералды заттар (кальций карбонаты, калий цитраты, кальций фосфаты, натрий хлориді, магний хлориді, калий хлориді, темір сульфаты, мырыш сульфаты, мыс сульфаты, калий йодиді, натрий селениті), табиғи ароматизатор (ваниль), дәрумендер (L-аскорбин қышқылы, DL-альфа-токоферола ацетат, никотинамид, кальций D-пантотенады, рибофлавин, ретинол ацетат, пиридоксин гидрохлориді, тиамин гидрохлориді, фолий қышқылы, филлохинон, D-биотин, D3 холекальциферол, цианкобаламин), балық майы (DHA докозагексаен қышқылының көзі), эмульгатор (соя лецитині), таурин, холин битартраты, инозит, нуклеотидтер, L-карнитин, тотықсыздандырғыш (L-аскорбилпальмитат).
Құрамында ГМА жоқ.
Пищевая ценность
Тағам құндылығы | 100 мл дайын қоспада |
---|---|
Энергетикалық құндылығы, ккал/кДж | 67/281 |
Ақуыз, г | 1,8 |
Таурин, мг | 6,5 |
Май, г | 2,6 |
Сүт майы %, майдың жалпы мөлшерінен | 25 |
линол қышқылы, г | 0,46 |
а-линолен қышқылы, г | 0,06 |
докозагексаен қышқылы, мг | 5 |
Көмірсулар, г | 9,1 |
лактоза, г | 2,8 |
Минералды заттар: | |
кальций, мг | 98 |
фосфор, мг | 65 |
калий, мг | 108 |
натрий, мг | 37 |
магний, мг | 11 |
мыс, мкг | 52 |
марганец, мкг | 10 |
темір, мг | 1,2 |
мырыш, мг | 0,6 |
хлоридтер, мг | 60 |
йод, мкг | 13 |
селен, мкг | 1,3 |
Дәрумендер: | |
ретинол (А), мкг-экв | 70 |
токоферол (Е), мг | 1,1 |
кальциферол (Д), мкг | 1,2 |
К дәрумені, мкг | 4,5 |
тиамин (В1), мкг | 100 |
рибофлавин (В2), мкг | 181 |
пантотен қышқылы, мкг | 540 |
пиридоксин (В6), мкг | 83 |
ниацин (РР), мкг | 940 |
фолий қышқылы, мкг | 13 |
цианокобаламин (В12), мкг | 0,22 |
аскорбин қышқылы (С), мг | 12 |
биотин, мкг | 3 |
Инозит, мг | 4,6 |
Холин, мг | 7,3 |