Cипаттамасы
Құрамында пальма және рапс майлары жоқ
18 айдан асқан балалардың қосымша теңдестірілген тамақтануына арналған балалардың құрғақ сүт сусыны.
Nutrilak Premium ыңғайлы және тиімді 600 г-дық қаптама форматын ұсынады.
Мидың толыққанды дамуы үшін омега-3 (DHA) пен сүт майы қосылған ProBrain
Омега-3 (DHA) – ана сүті құрамында бар ерекше май қышқылдары және ми жасушалары үшін негізгі материал. Бұл қоспада баланың интеллектуалды дамуына әсер ететін DHA жоғары деңгейі бар. Смесь содержит высокий уровень DHA, эффективно влияющий на интеллектуальное развитие ребенка.
Сүт майлары DHA сіңуін жақсартады. Сүт майының бөлігі болып табылатын фосфолипидтер мидың дамуына ықпал етеді, есте сақтауға, сөйлеуге және моторикаға жағымды әсер етеді.
Сусынның құрамында дәрумендер кешені + кальций, темір, йод бар, олар сүйектердің, қан түзу мүшелері мен бас миының дұрыс дамуына ықпал етеді, сондай-ақ иммундық жүйеге оң әсер етеді.
Холин, таурин, инозитол минералды заттар мен дәрумендердің сіңуіне көмектеседі.
Пребиотиктер жеміс-олигосахаридтер бір жастан асқан нәрестенің диетасын кеңейту кезінде ас қорытуды жеңілдетеді және тұрақты жұмсақ нәжістің қалыптасуына ықпал етеді.
Қоспаның құрамына әлемдегі үздік өндірушілер ұсынған балалардың тамақтануына арнайы таңдалған қауіпсіз ингредиенттер кіреді.
Инструкция
· Балаға тамақ беруге арналған барлық ыдысты ең кемі 5 минут бойы қайнатыңыз.
· Алдын-ала дайындалған ыдысқа сәбилерге арналған, 40-45°С дейін ысытылған суды қажетті мөлшерде құйыңыз. Балалар ауыз суы болмаған кезде, 40-45°С-ге дейін суытылған қайнатылған суды қолдануға болады.
· Су құйылған шағын шөлмектің ішіне құрғақ қоспаның өлшеуіш қасығының қажетті мөлшерін салыңыз (тамақ беру кестесін қараңыз), бұл кезде, қоспаның артығын қасықтың бетінен пышақтың доғал шетімен алып тұрыңыз.
· Шағын шөлмекті жауып, қоспа толықтай ерігенге дейін шайқаңыз.
· Білектің ішкі жағымен дайын қоспаның температурасын тексеріңіз.
Қоспаны, тамақ берер алдында ғана дайындаңыз.
Дайындалған қоспа 2 сағат ішінде қолданылуы тиіс.
Шағын шөлмекте қалып қойған дайын қоспаның қалдығын келесі рет тамақ беру үшін пайдаланбаңыз.
Пакетті ашқан сәтке дейін, құрғақ қоспаны 0°С-ден 25°С-ге дейінгі температурада және ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 75%-дан аспаған жағдайда сақтаңыз.
Пакетті ашқаннан кейін құрғақ қоспаны құрғақ та салқын жерде (бірақ тоңазытқышта емес) 3 аптадан асырмай сақтаңыз.
Құрамы
қаймағы алынбаған құрғақ сүт және майы алынған құрғақ сүт, глюкоза шәрбаты, өсімдік майлары (жоғары олеинді күнбағыс майы, соя майы, кокос майы), минералсыздандырылған құрғақ сүт сарысуы, жеміс-олигосахаридтер, сүт майы, минералды заттар (калий цитраты, кальций карбонаты, кальций фосфаты, натрий хлориді, магний хлориді, калий хлориді, темір (II) сульфаты, мырыш сульфаты, мыс сульфаты, марганец хлориді, калий йодиді, натрий селениті), балық майы (DHA докозагексаен қышқылының көзі), дәрумендер (L-аскорбин қышқылы, DL-альфа-токоферола ацетат, никотинамид, кальций D-пантотенады, рибофлавин, ретинол ацетаты, пиридоксин гидрохлориді, тиамин гидрохлориді, фолий қышқылы, филлохинон, D-биотин, D3 холекальциферол, цианкобаламин), инозит, таурин, эмульгатор (соя лецитині), тотықсыздандырғыш (L-аскорбилпальмитат).
Құрамында ГМА жоқ.
Пищевая ценность
Тағам құндылығы: | 100 г құрғақ қоспада | 100 мл дайын қоспада |
---|---|---|
Энергетикалық құндылығы, кДж/ккал | 1966/469 | 283/68 |
Ақуыз, г | 12,5 | 1,8 |
Сарысу ақуыздары /казеин, % | 30/70 | |
Таурин, мг | 45 | 6,3 |
Май, г | 18 | 2,6 |
сүт майы, майдың жалпы мөлшерінен % | 25 | |
линол қышқылы, г | 3,3 | 0,47 |
а-линолен қышқылы, г | 0,4 | 0,06 |
докозагексаен қышқылы, мг | 35 | 5 |
Көмірсулар, г | 63,5 | 9 |
лактоза, г | 26,7 | 3,76 |
Пребиотиктер: фруктоолигосахаридтер, г | 1,7 | 0,25 |
Минералды заттар: | ||
кальций, мг | 680 | 98 |
фосфор, мг | 450 | 63 |
калий, мг | 750 | 106 |
натрий, мг | 260 | 37 |
магний, мг | 77 | 11 |
мыс, мкг | 360 | 51 |
марганец, мкг | 69 | 10 |
темір, мг | 8,3 | 1,2 |
мырыш, мг | 4,0 | 0,6 |
хлоридтер, мг | 420 | 59 |
йод, мкг | 93 | 13 |
селен, мкг | 9,0 | 1,3 |
Дәрумендер: | ||
ретинол (А), мкг-экв | 486 | 69 |
токоферол (Е), мг | 7,5 | 1,1 |
кальциферол (Д), мкг | 8,2 | 1,2 |
К дәрумені, мкг | 31 | 4,4 |
тиамин (В1), мкг | 691 | 97 |
рибофлавин (В2), мкг | 1259 | 178 |
пантотен қышқылы, мг | 3,8 | 0,53 |
пиридоксин (В6), мкг | 577 | 81 |
ниацин (РР), мг | 6,5 | 0,92 |
фолий қышқылы, мкг | 90 | 13 |
цианокобаламин (В12), мкг | 1,5 | 0,22 |
аскорбин қышқылы (С), мг | 83 | 12 |
биотин, мкг | 21 | 3,0 |
Инозит, мг | 32 | 4,5 |
Холин, мг | 50 | 7,1 |
Осмолялдығы, мОсм/кг | 305 |