Нормасы және патологиясы
Баланың іші жеңіл ауырып, тамақтан кейін тез басылса, бұл қалыпты жағдай болуы мүмкін Әіресе дұрыс тамақтану нормалары сақталмай жеткілікті су ішпесе. Алайда, егер ауырсыну қатты, ұзақ уақыт басылмаса, құсу, дененің қызуы немесе іші өту қосылса, бұл патологияның белгісі болуы мүмкін әрі бірден дәрігерге қаралу қажет.
Балалардың іш өтуінің себептері
Балалардың диареясының себебі ретінде жедел ішек инфекциясы
Жедел ішек инфекциясын вирустар, бактериялар немесе паразиттер тудыруы мүмкін. Бұл инфекция лас су, жуылмаған тағамдар немесе жеке гигиена ережелерін сақтамау арқылы жұғып пайда болуы мүмкін.
Антибиотикпен байланысты диарея
Егер бала ауырып, емдеуіне антибиотиктерді ішу қажет болса, ол жағдайда ішектегі пайдалы бактериялардың тепе-теңдігі бұзылған кезде диарея пайда болады. Көп жағдайда ол жеңіл өтеді әрі ем аяқталған соң өздігінен басылады, бірақ кейде ауыр түрге ауысып, медициналық көмек қажет етуі мүмкін.
Тістің шығуы
Тістің шығу кезеңінде бала сілекейін көп жұтып, ішек қозғалысы өзгеруі мүмкін, бұл кейде іштің жеңіл ауыруына және нәжістің сұйықтау болуына әкеледі. Алайда, егер іштің ауыруы қатты, ұзаққа созылса немесе диарея қосылса, оны тістің шығуымен ғана байланыстырмай, басқа да мүмкін себептерді анықтау үшін дәрігерге қаралу қажет.
