Cипаттамасы
Балаларды өмірінің алғашқы алты айында тамақтандыруға арналған, пайдалануға дайын балалардың сүт қоспасы.
Пайдалануға дайын – араластырудың, су қосудың қажеті жоқ.
Күндіз де, түнде де, үйде де, жолда да пайдалануға ыңғайлы.
Қауіпсіз асептикалық қаптама – пайдалы қасиеттерді сақтайды және бактериялардан қорғайды.
Теңдестірілген бірегей май құрамы
· Құрамында табиғи сүт майы бар
Сүт майының құрамында мидың дұрыс дамуы және зат алмасудың жақсаруы үшін қажетті компоненттер бар, оңай сіңеді және баланың жылдам өсуі үшін қуат көзі болып табылады.
· Құрамында пальма және рапс майлары жоқ
Пальма майында емшек сүтіндегідей пальмитин қышқылы бар. Емшек сүтінен айырмашылығы – пальма майындағы пальмитин қышқылы α-пальмитат түрінде болады және нашар сіңеді, бұл іш қатуға, алынатын энергияның жетіспеушілігіне және кальцийдің нәжіспен бірге шығып кетуіне алып келуі мүмкін.
Ана сүтіндегідей маңызды қоректік заттар
Омега-3 (DHA) май қышқылдары – бас миының интеллектті дамыту және көздің көру жітілігін сақтау үшін таптырмайтын құрылымдық компоненттері.
Нуклеотидтер иммундық жүйенің қалыптасуына және асқазан-ішек жолының жетілуіне септігін тигізеді.
Теңдестірілген дәруменді-минералды кешен балалар өмірінің алғашқы алты айындағы қажеттіліктерін ескере отырып арнайы жасалған, баланың үйлесімді өсуіне және дамуына ықпал етеді.
Құрамында ГМА жоқ.
Инструкция
Қоспа пайдалануға дайын.
Пайдаланар алдында қоспаны шайқаңыз.
Қалып қойған дайын қоспаның қалдығын келесі рет тамақ беру үшін пайдаланбаңыз.
Қораптағы қоспаны микротолқынды пеште қыздырмаңыз!
Қоспа көлемі мен тамақтандыру санын дәрігер тамақтандыру кестесіне сәйкес анықтайды.
Сақтау шарттары:
Бөтелкеге құйылған қоспаны 2 сағат ішінде пайдаланыңыз.
Қорапты ашқаннан кейін қоспаны тоңазытқышта 10 сағаттан асырмай сақтауға болады.
Құрамы
Су, минералсыздандырылған құрғақ сүт сарысуы, өсімдік майлары (жоғары олеинді күнбағыс майы, соя майы, кокос майы), сүт майы, майы алынбаған құрғақ сүт, мальтодекстрин, лактоза, минералды заттар (кальций карбонаты, калий цитраты, кальций фосфаты, натрий хлориді, магний хлориді, калий хлориді, темір сульфаты, мырыш сульфаты, мыс сульфаты, калий йодиді, натрий селениті), балық майы (DHA докозагексаен қышқылының көзі), дәрумендер (L-аскорбин қышқылы, DL-альфа-токоферола ацетат, никотинамид, кальций D-пантотенады, рибофлавин, ретинол ацетат, пиридоксин гидрохлориді, тиамин гидрохлориді, фолий қышқылы, филлохинон, D-биотин, D3 холекальциферол, цианкобаламин), эмульгатор (соя лецитині), таурин, холин битартраты, инозит, нуклеотидтер, L-карнитин, тотықсыздандырғыш (L-аскорбилпальмитат).
Құрамында ГМА жоқ.
Пищевая ценность
Тағам құндылығы | 100 мл дайын қоспада |
---|---|
Энергетикалық құндылығы, ккал/кДж | 66/277 |
Ақуыз, г | 1,4 |
сарысу ақуыздары /казеин, % | 50/50 |
Таурин, мг | 6 |
Май, г | 3,4 |
сүт майы, майдың жалпы мөлшерінен % | 25 |
линол қышқылыа, г | 0,59 |
а-линолен қышқылы, г | 0,07 |
докозагексаен қышқылы, мг | 6,4 |
Көмірсулар, г | 7,5 |
лактоза, г | 5,1 |
Минералды заттар: | |
кальций, мг | 60 |
фосфор, мг | 34 |
калий, мг | 69 |
натрий, мг | 22,5 |
магний, мг | 6,5 |
мыс, мкг | 46 |
марганец, мкг | 15 |
темір, мг | 0,8 |
мырыш, мг | 0,8 |
хлориды, мг | 40 |
йод, мкг | 12 |
селен, мкг | 1,3 |
Күл, г | 0,4 |
Дәрумендер: | |
ретинол (А), мкг-экв | 62 |
токоферол (Е), мг | 1,1 |
кальциферол (Д), мкг | 1,1 |
К дәрумені, мкг | 4,5 |
тиамин (В1), мкг | 60 |
рибофлавин (В2), мкг | 188 |
пантотен қышқылы, мкг | 400 |
пиридоксин (В6), мкг | 60 |
ниацин (РР), мкг | 600 |
фолий қышқылы, мкг | 11 |
цианокобаламин (В12), мкг | 0,2 |
аскорбин қышқылы (С), мг | 9 |
биотин, мкг | 2 |
Нуклеотиды, мг | 2,6 |
Инозит, мг | 2,6 |
Холин, мг | 7,9 |
L-карнитин, мг | 1,2 |
Осмолялдығы, мОсм/кг | 290 |