Top.Mail.Ru

Бір жастан асқан балаларды тамақтандыруға арналған, ваниль дәмі бар, пайдалануға дайын балалардың сүт сусыны.

Пайдалануға дайын – араластырудың, су қосудың қажеті жоқ.
Күндіз де, түнде де, үйде де, жолда да пайдалануға ыңғайлы.
Қауіпсіз асептикалық қаптама – пайдалы қасиеттерді сақтайды және бактериялардан қорғайды.

Теңдестірілген бірегей май құрамы

Құрамында табиғи сүт майы бар
Сүт майының құрамында мидың дұрыс дамуы және зат алмасудың жақсаруы үшін қажетті компоненттер бар, оңай сіңеді және баланың жылдам өсуі үшін қуат көзі болып табылады.

Құрамында пальма және рапс майлары жоқ
Пальма майында емшек сүтіндегідей пальмитин қышқылы бар. Емшек сүтінен айырмашылығы – пальма майындағы пальмитин қышқылы α-пальмитат түрінде болады және нашар сіңеді, бұл іш қатуға, алынатын энергияның жетіспеушілігіне және кальцийдің нәжіспен бірге шығып кетуіне алып келуі мүмкін.

 Ана сүтіндегідей маңызды қоректік заттар

Омега-3 (DHA) май қышқылдары – бас миының интеллектті дамыту және көздің көру жітілігін сақтау үшін таптырмайтын құрылымдық компоненттері.
Нуклеотидтер иммундық жүйенің қалыптасуына және асқазан-ішек жолының жетілуіне септігін тигізеді.

Теңдестірілген дәруменді-минералды кешен балалар өмірінің алғашқы алты айындағы қажеттіліктерін ескере отырып арнайы жасалған, баланың үйлесімді өсуіне және дамуына ықпал етеді.

Құрамында ГМА жоқ.
 

 

Қоспа пайдалануға дайын.
Пайдаланар алдында қоспаны шайқаңыз.
Қалып қойған дайын қоспаның қалдығын келесі рет тамақ беру үшін пайдаланбаңыз.

Қораптағы қоспаны микротолқынды пеште қыздырмаңыз!

Қоспа көлемі мен тамақтандыру санын дәрігер тамақтандыру кестесіне сәйкес анықтайды.

Сақтау шарттары.

Қорапты ашқан сәтке дейін, құрғақ қоспаны 0°С-ден 25°С-ге дейінгі температурада және ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 75%-дан аспаған жағдайда сақтаңыз.

Бөтелкеге құйылған қоспаны 2 сағат ішінде пайдаланыңыз.

Қорапты ашқаннан кейін қоспаны тоңазытқышта 10 сағаттан асырмай сақтауға болады.

Су, мальтодекстрин, құрғақ майы алынған сүт, өсімдік майлары (жоғары олеинді күнбағыс майы, соя майы, кокос майы), сүт майы, минералды заттар (кальций карбонаты, калий цитраты, кальций фосфаты, натрий хлориді, магний хлориді, калий хлориді, темір сульфаты, мырыш сульфаты, мыс сульфаты, калий йодиді, натрий селениті), табиғи ароматизатор (ваниль), дәрумендер (L-аскорбин қышқылы, DL-альфа-токоферола ацетат, никотинамид, кальций D-пантотенады, рибофлавин, ретинол ацетат, пиридоксин гидрохлориді, тиамин гидрохлориді, фолий қышқылы, филлохинон, D-биотин, D3 холекальциферол, цианкобаламин), балық майы (DHA докозагексаен қышқылының көзі), эмульгатор (соя лецитині), таурин, холин битартраты, инозит, нуклеотидтер, L-карнитин, тотықсыздандырғыш (L-аскорбилпальмитат).

Құрамында ГМА жоқ.

Тағам құндылығы
 
100 мл дайын қоспада
Энергетикалық құндылығы, ккал/кДж67/281
Ақуыз, г1,8
Таурин, мг6,5
Май, г2,6
Сүт майы %, майдың жалпы мөлшерінен  
 
25
линол қышқылы, г0,46
а-линолен қышқылы, г0,06
докозагексаен қышқылы, мг5
Көмірсулар, г9,1
лактоза, г2,8
Минералды заттар: 
кальций, мг98
фосфор, мг65
калий, мг108
натрий, мг37
магний, мг11
мыс, мкг52
марганец, мкг10
темір, мг1,2
мырыш, мг0,6
хлоридтер, мг60
йод, мкг13
селен, мкг1,3
Дәрумендер: 
ретинол (А), мкг-экв70
токоферол (Е), мг1,1
кальциферол (Д), мкг1,2
К дәрумені, мкг4,5
тиамин (В1), мкг100
рибофлавин (В2), мкг181
пантотен қышқылы, мкг540
пиридоксин (В6), мкг83
ниацин (РР), мкг940
фолий қышқылы, мкг13
цианокобаламин (В12), мкг0,22
аскорбин қышқылы (С), мг12
биотин, мкг3
Инозит, мг4,6
Холин, мг7,3

Отзывы

Яндекс.Метрика