Top.Mail.Ru

Құсуларды, іштің бұрап ауыруы мен қатуын жоюға арналған.

Айлауық ағашының табиғи шайыры қосылған құрғақ сүт қоспасы асқазан-ішек жолының жұмысын реттейді, ішек микрофлорасын жақсартады және қалпына келтіреді, тұрақты жұмсақ нәжістің қалыптасуына септігін тигізеді.

Теңдестірілген бірегей май құрамы

  •  Құрамында табиғи сүт майы бар

Сүт майының құрамында мидың дұрыс дамуы және зат алмасудың жақсаруы үшін қажетті компоненттер бар, оңай сіңеді және баланың жылдам өсуі үшін қуат көзі болып табылады.

Құрамында пальма және рапс майлары жоқ

Пальма майында емшек сүтіндегідей пальмитин қышқылы бар. Емшек сүтінен айырмашылығы – пальма майындағы пальмитин қышқылы α-пальмитат түрінде болады және нашар сіңеді, бұл іш қатуға, алынатын энергияның жетіспеушілігіне және кальцийдің нәжіспен бірге шығып кетуіне алып келуі мүмкін.

Ана сүтіндегідей маңызды қоректік заттар

Омега-3 (DHA) – май қышқылдары, бас миының интеллектті дамыту және көздің көру жітілігін сақтау үшін таптырмайтын құрылымдық компоненттері.

Нуклеотидтер – иммундық жүйенің қалыптасуы және асқазан-ішек жолының жетілуі үшін басты компоненттер.

Құрамында ГМА жоқ.

 1. Балаға тамақ беруге арналған барлық ыдысты ең кемі 5 минут бойы қайнатыңыз. 
2. Алдын-ала дайындалған ыдысқа сәбилерге арналған, 40-45°С дейін ысытылған суды қажетті мөлшерде құйыңыз. Балалар ауыз суы болмаған кезде, 40-45°С-ге дейін суытылған қайнатылған суды қолдануға болады. 
3. Су құйылған шағын шөлмектің ішіне құрғақ қоспаның өлшеуіш қасығының қажетті мөлшерін салыңыз (тамақ беру кестесін қараңыз), бұл кезде, қоспаның артығын қасықтың бетінен пышақтың доғал шетімен алып тұрыңыз. 
4. Шағын шөлмекті жауып, қоспа толықтай ерігенге дейін шайқаңыз. 
5. Білектің ішкі жағымен дайын қоспаның температурасын тексеріңіз.

Қоспаны, тамақ берер алдында ғана дайындаңыз. 
Дайындалған қоспа 2 сағат ішінде қолданылуы тиіс. 
Шағын шөлмекте қалып қойған дайын қоспаның қалдығын келесі рет тамақ беру үшін пайдаланбаңыз.

Пакетті ашқан сәтке дейін, құрғақ қоспаны 0°С-ден 25°С-ге дейінгі температурада және ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 75%-дан аспаған жағдайда сақтаңыз. 
Пакетті ашқаннан кейін құрғақ қоспаны құрғақ та салқын жерде (бірақ тоңазытқышта емес) 3 аптадан асырмай сақтаңыз.

 

минералсыздандырылған құрғақ сүт сарысуы, қаймағы алынбаған құрғақ сүт, өсімдік майлары (жоғары олеинді күнбағыс майы, соя майы, кокос майы), мальтодекстрин, майы алынған құрғақ сүт, қоюландырғыш (айлауық ағашының табиғи шайыры), сүт майы, балық майы (DHA докозагексаен қышқылының көзі), минералды заттар (кальций карбонаты, калий хлориді, натрий хлориді, магний хлориді, калий цитраты, калий фосфаты, темір сульфаты, мырыш сульфаты, мыс сульфаты, марганец хлориді, калий йодиді, натрий селениті), дәрумендер (L-аскорбин қышқылы, DL-альфа-токоферола ацетаты, никотинамид, кальций D-пантотенады, рибофлавин, ретинол ацетаты, пиридоксин гидрохлориді, тиамин гидрохлориді, фолий қышқылы, филлохинон, D-биотин, D3 холекальциферол, цианкобаламин), эмульгатор (соя лецитині), таурин, инозит, нуклеотидтер (цитидин-5’-монофосфор қышқылы, уридин-5’-монофосфат динатрий тұзы, аденозин-5’-монофосфор қышқылы, гуанозин-5’-монофосфат динатрий тұзы, инозин-5’-монофосфат динатрий тұзы), L-карнитин, тотықсыздандырғыш (L-аскорбилпальмитат).

Құрамында ГМА жоқ.

 

Тағам құндылығы
 
100 г құрғақ қоспада100 мл дайын қоспада
Энергетикалық құндылығы, ккал/кДж503 / 210465 / 273
Ақуыз, г10,81,4
сарысу ақуыздары, г5,40,7
казеин, г5,40,7
Май, г26,53,4
сүт майы, г6,80,9
линол қышқылы, г4,730,61
а-линолен қышқылы, г0,570,07
докозагексаен қышқылы, мг496,4
Көмірсулар, г53,87,0
мальтодекстрин, г16,52,2
лактоза, г37,34,8
Полисахаридтер (шайырдан), г3,20,4
Күл, г3,00,4
Минералды заттар:  
кальций, мг50065
фосфор, мг26034
калий, мг50766
натрий, мг16922
магний, мг43,75,7
мыс, мкг34044
марганец, мкг466
темір, мг6,00,8
мырыш, мг6,00,8
хлоридтер, мг33343
йод, мкг9212
селен, мкг101,3
Дәрумендер:  
ретинол (А), мкг-экв47061
токоферол (Е), мг9,21,2
кальциферол (Д), мкг9,21,2
К дәрумені, мкг354,5
тиамин (В1), мкг38350
рибофлавин (В2), мкг1446188
пантотен қышқылы, мг3,00,4
пиридоксин (В6), мкг46060
ниацин (РР), мг4,00,52
фолий қышқылы, мкг658,5
цианокобаламин (В12), мкг1,70,22
аскорбин қышқылы  (С), мг699,0
биотин, мкг152,0
Нуклеотиды, мг202,6
Инозит, мг273,5
Холин, мг567,3
L-карнитин, мг9,21,2
Таурин, мг466
Осмолялдығы, мОсм/кг
 
-250

Отзывы

Яндекс.Метрика