Top.Mail.Ru

Орташа тізбекті триглицеридтері бар сүт сарысуының толық гидролизделген ақуыздары негізіндегі балалар қоспасы.

Туғаннан бастап 12 айға дейін балаларды диеталық емдік тамақтандыруға арналған

  • сиыр сүтінің ақуыздарына аллергия кезінде;
  •  тағамдық төзбеушілік кезінде;
  •  шығу тегі әртүрлі мальабсорбция кезінде;
  •  муковисцидоз және қысқа ішек синдромы кезінде.

Құрам артықшылықтары

  • Толық гидролизделген ақуыз қысқа пептидтерге және бос амин қышқылдарына дейін ыдыратылған. Аллергия белгілерін жеңілдетеді.
  •  ОТТ (орташа тізбекті триглицеридтер) май компонентінің сіңірілуін жеңілдетеді.
  •  Лактозасыз.
  •  LGG лактобактериялары – әлемдегі №1 пробиотик. Атопиялық дерматиттен (экземадан) қорғауға себептеседі және өз бифидобактерияларының өндірілуін ынталандырады.

5-HMO* complex – емшек сүтінің құрамында бар, ең кең таралған олигосахаридтер түрлерімен құрылымдық тұрғыдан бірдей 5 негізгі олигосахаридтен тұратын кешен. Кешен иммундық жүйені қолдау және инфекциялардан қорғау үшін қажет.


Толыққанды даму үшін маңызды компоненттер

  • ОМЕГА-3 (DHA)max** / ОМЕГА-6 (ARA)max** май қышқылдары. 
    Мидың, нейрондық байланыстардың және көздің торлы қабығының қалыптасуы үшін қажет; 
  • Нуклеотидтер.
    Иммундық жүйенің қалыптасуына және асқазан-ішек жолының жетілуіне қатысады..

HMO – емшек сүтінің құрамында бар олигосахаридтердің және олардың құрылымдық аналогтарының қысқартылан белгісі. 

**DHAmax/ **ARAmax – жоғары мөлшердегі DHA / ARA аллергиясы бар балалардың жоғары қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. 
Қоспа жалғыз қоректену көзі ретінде ұзақ уақыт қолдануға жарайды.

  1. Қолыңызды жуып, бөтелкені, емізік пен қақпақты стерильдеңіз. Қоса берілген өлшеуіш қасықты міндетті түрде пайдаланыңыз. Пайдаланар алдында оны қайнаған сумен өңдеп, кептіріңіз.
  2.  Су қайнатып, оны 40°С дейін суытыңыз. Тамақтандыру кестесіне сүйене отырып, дайындалған судың қажетті мөлшерін бөтелкеге құйыңыз.
  3.  Суы бар бөтелкеге үйіп толтырылмаған құрғақ ұнтақ өлшеуіш қасықтарының дәл санын қосыңыз. 
  4.  Бөтелкені жауып, ұнтақ толық ерігенше жақсылап шайқаңыз. 

Дайын қоспаның температурасын білектің ішкі жағымен тексеріңіз.

Пайдалану жөніндегі ұсыныстар

  •  Қоспаны дайындағаннан кейін, өнімі бар қаптаманы нықтап жабыңыз.
  •  Қоспаны дәл тамақтандырар алдында дайындаңыз.
  •  Бөтелкедегі дайын қоспа қалдығын келесі тамақтандыру үшін пайдаланбаңыз.
  • Қоспаны дәрігер тағайындайды. Тамақтандыру көлемі мен санын баланың жеке ерекшеліктеріне қарай дәрігер белгілейді.


Тамақтандыру схемасы 


Үйіп толтырылмаған 1 өлшеуіш қасық – 4,5 г құрғақ қоспа есебінен:
Келесі жастағы бала үшін:
0-2 апта: 1 тамақтандыру үшін 3 өлшеуіш қасық қоспаны 90 мл суда ерітіңіз. Тәуілігіне – 6 рет тамақтандыру.
3-4 апта: 1 тамақтандыру үшін 4 өлшеуіш қасық қоспаны 120 мл суда ерітіңіз. Тәуілігіне – 5 рет тамақтандыру.
1-2 ай: 1 тамақтандыру үшін 5 өлшеуіш қасық қоспаны 150 мл суда ерітіңіз. Тәуілігіне – 5 рет тамақтандыру.
3-4 ай: 1 тамақтандыру үшін 6 өлшеуіш қасық қоспаны 180 мл суда ерітіңіз. Тәуілігіне – 5 рет тамақтандыру.
5-6 ай: 1 тамақтандыру үшін 7 өлшеуіш қасық қоспаны 210 мл суда ерітіңіз. Тәуілігіне – 5 рет тамақтандыру.
7 ай және одан астам: 1 тамақтандыру үшін 7 өлшеуіш қасық қоспаны 210 мл суда ерітіңіз. Тәуілігіне – 4-3 рет тамақтандыру.

Назар аударыңыз! Сүт сарысуының ақуыздары гидролизатының болуы қоспаға ерекше иіс пен ащылау дәм береді. Қоспаны толық қалпына келтіру үшін көбірек уақыт керек, қажет болса, қайта сілкіңіз.

Сақтау шарттары

  •  Пакетті ашқанға дейін құрғақ қоспаны 0–25 °С аралығындағы температурада және 75 %-дан аспайтын салыстырмалы ауа ылғалдылығында сақтаңыз.
  •  Пакетті ашқаннан кейін құрғақ қоспаны құрғақ, салқын жерде 3 аптадан асырмай сақтаңыз.

мальтодекстрин, сүт сарысуы ақуыздарының гидролизаты, глюкоза шәрбаты, өсімдік майлары (жоғары олеинді күнбағыс, соя, пальма), орташа тізбекті триглицеридтер, жүгері крахмалы, эмульгатор (глицерин мен лимон қышқылының және май қышқылдарының эфирлері, май қышқылдарының моно- және диглицеридтері), минералды заттар (калий фосфаты (ортофосфор қышқылының калий тұздары), кальций карбонаты, натрий хлориді, кальций фосфаты (ортофосфор қышқылының кальций тұздары), магний хлориді, магний оксиді, темір (II) сульфаты, мырыш сульфаты, мыс сульфаты, марганец хлориді, калий йодиді, натрий селениті), омега-3 полиқанықпаған май қышқылдары (докозагексаен DHA және эйкозапентаен EPA қышқылдарының көзі), омега-6 полиқанықпаған май қышқылдары (арахидон ARA қышқылдарының көзі), дәрумендер (L-аскорбин қышқылы, DL-альфа-токоферол ацетаты, никотинамид, кальций D-пантотенаты, рибофлавин, ретинол ацетаты, пиридоксин гидрохлориді, тиамин гидрохлориді, фолий қышқылы, филлохинон, D-биотин, D3 холекальциферол, цианкобаламин), холин битартраты, 5-HMO олигосахаридтер кешені (2'-фукозиллактоза (2'-FL), лакто-N-тетраоза (LNT), 6'-сиалиллактоза (6'-SL), дифукозиллактоза (DFL), 3'-сиалиллактоза (3'-SL)), L. rhamnosus (LGG®) лактобактерияларының концентраты, инозит, таурин, нуклеотидтер (цитидин-5’-монофосфор қышқылы, уридин-5’-монофосфат динатрий тұзы, аденозин-5’-монофосфор қышқылы, гуанозин-5’-монофосфат динатрий тұзы, инозин-5’-монофосфат динатрий тұзы), L-карнитин, тотығуға қарсы зат (L-аскорбилпальмитат).
Құрамында ГМА жоқ!

Тағамдық құндылығы100 г құрғақ қоспада 100 мл дайын қоспада 
Қуаттылық құндылығы, кДж /ккал2106/ 503284/ 68
Ақуыз (экв.), г14,11,9
Таурин, мг334,5
Май, г253,4
орташа тізбекті триглицеридтер, майдың жалпы соммасынан %40 
   Линоль қышқылы, г3,90,53
   Линоль кышқылы май қышқылыдарынан сомасының % 17 
   линолен қышқылы, г0,440,06
   Докозагексаен қышқылы, мг14820
   Арахидон қышқылы, мг8211
   Эйкозапентаен қышқылы, мг5,40,7
Көмірсулар, г55,57,5
Пребиотиктер: 5-НМО, мг14820
Минералды заттар:  
   кальций, мг42257
   фосфор, мг25234
   калий, мг53372
   натрий, мг17824
   магний, мг537,2
   мыс, мкг42057
   марганец, мкг658,8
   темір, мг7,31
   мырыш, мг6,30,9
   хлоридтер, мг25134
   йод, мкг10914,7
   селен, мкг131,8
Дәрумендер:  
   ретинол (А), мкг-экв50067,5
   токоферол (Е), мг8,91,2
   кальциферол (Д), мкг101,3
   К Дәрумені, мкг506,8
   тиамин (В1), мкг39954
   рибофлавин (В2), мкг73399
   Пантотен қышқылы, мг2,50,337
   пиридоксин (В6), мкг42858
   ниацин (РР), мг4,10,55
   Фолий қышқылы (Вс), мкг658,8
   цианкобаламин (В12), мкг20,27
   Аскорбин қышқылы (С), мг8010,8
   биотин, мкг152
Нуклеотиидтер, мг14,82
Инозит, мг8812
Холин, мг11015
L-карнитин, мг111,5
Осмоляльдігі, мОсм/кг 210
Лактобактерий L. rhamnosus (LGG®) саны, 1 х 106 КОЕ/г кем емес

Отзывы

Отсутствует SKU товара
Яндекс.Метрика
  • Нужна помощь эксперта? Напиши нам!