Нәресте үшін ең жақсы тамақ – бұл емшек сүті. Бұл ұстанымды Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы айтады және ресейлік педиатрлар мұнымен келіседі. Дегенмен, емізу объективті себептермен мүмкін емес жағдайлар да болады немесе кейде аналар оның маңыздылығын бағаламай, баланы қоспаға ауыстыру оңай болар деп ойлайды.
Баланы қоспамен тамақтандыруға бола ма?
Емшекпен емізу мүмкін болмаған жағдайларда, баланы қоспалармен тамақтандыру қажет. Балалар тамағына арналған қазіргі заманғы бейімделген сүт қоспалары емшек сүтіне ұқсас және баланың қалыпты өсуі мен дамуы үшін барлық қажетті компоненттерді қамтиды.
Бір жасқа толмаған баланы тамақтандыру үшін сиыр немесе ешкі сүтіне, сұйық жарма ботқасына қарағанда сүт қоспасы әлдеқайда пайдалы болады. Сәбидің ас қорыту жолдары мұндай жүктемелерге дайын емес, олар организмның жұмысында елеулі бұзылулар тудыруы мүмкін.
Нәресте анасынан ажыратылса, әйел емшек сүтімен үйлеспейтін дәрі-дәрмектерді қабылдауға мәжбүр болса, әйелдің табиғи емізуді мүмкін етпейтін аурулары болса, сүт қоспасы құтқаратын құрал болып табылады. Бұл баланың ана сүтінсіз тірі қалуына ғана емес, сонымен бірге толыққанды өмір сүруіне мүмкіндік береді.
Бірақ объективті себептерсіз баланы қоспалармен тамақтандыру – қате шешім. Сүт қоспасы құрамы бойынша емшек сүтіне жақын болғанымен, ана сүтіне жетпейді: бұл ғылым дамуының қазіргі деңгейінде әлі мүмкін емес. Қоспа емшек сүті сияқты баланың қажеттіліктері мен жағдайына бейімделмейді.
Қоспаға көшу дәрі-дәрмектерді қабылдау сияқты қарастырылуы керек: оны қолдануға көрсетімдер болса, жасанды тамақтану, дәрі сияқты, жақсы көмектеседі. Баланы емшек сүтімен тамақтандыру мүмкін болса, онда кем дегенде туғаннан кейін алғашқы 3-4 ай бойы емізуге тырысу керек. Бұл нәрестенің ас қорыту жүйесінің жетілуі және жеткілікті ферменттер шығара бастауы, ішектің қалыпты микрофлораға толуы үшін қажет.
ДДҰ (Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы) 6 айға дейін тек емшек емізуді, ал содан кейін қосымша тағамдармен біріктіріп, емізуді 2 жасқа дейін және ана мен баланың қалауы бойынша, одан да ұзақ мерзім бойы жалғастыруды ұсынады.
Баланы қандай қоспамен тамақтандыру керек
Нәрестеге сүт қоспасын беру қажеттілігі туындаса, бұны педиатрмен талқылау керек. Ол ас қорытуға зиян келтірмеу үшін баланы қандай қоспамен тамақтандыру керектігін айтады.
Қандай қоспаны пайдалансаңыз да, нәрестені тамақтандыру кезінде сақтайтын ережелер бар:
• Тамақтандыру үшін стерильді бөтелкелер мен емізіктерді қолданыңыз. Әр тамақтанғаннан кейін оларды ауру тудырғыш бактериялардың ошағына айналмас үшін мұқият жуып, зарарсыздандыру керек.
• Сұйылтылған қоспаны сақтамаңыз, баланы бірден тамақтандырыңыз. Қажет болған жағдайда (жаңа порцияны сұйылту мүмкін емес, нәрестені балалар тағамын дайындау білмейтін туысқанымен қалдырдыңыз және т.б)
• Қоспаны дәл тамақтандыру алдында дайындау керек.
Дайындалған қоспаны 2 сағат ішінде қолдану керек. Келесі тамақтандыру үшін бөтелкедегі дайын қоспаның қалдықтарын қолдануға болмайды.
• Қоспаның қаптамасы ашылған күнді жазыңыз немене есте сақтаңыз. Ашылған қаптамадағы балалар тағамын 3 апта ішінде пайдалану қажет. Қаптамада көрсетілген мерзім өткеннен кейін өндіруші өз өнімдерінің қауіпсіздігіне кепілдік бермейді.
• Баланы басқа қоспаға ауыстыру қажет болса, мұны біртіндеп орындаңыз: бірінші күні бір тамақтандыру кезінде екі шай қасық жаңа қоспаны беріңіз, содан кейін бұрынғы қоспаны толығымен жаңасына ауыстырғанша, бір апта бойы жаңа қоспаның көлемін және тамақтандыру санын көбейтіңіз.
• Қоспаны енгізу және өзгерту – организм үшін стресс, сондықтан баланың денсаулығына байланысты көрсетілімдерсіз қоспаны өзгертпеңіз. Қоспаны қабылдау кезінде нәрестедегі қандай да бір симптомдар алаңдатса, міндетті түрде дәрігермен кеңесіңіз.
Дайын қоспаны тек бір рет жылытуға болады.
Балаға арналған қоспаны қалай таңдау керек?
Балаға арналған қоспаны дәрігер ұсынуы тиіс, бірақ сіз ана ретінде қоспалар жайлы, не үшін жасалғанын, оның нұсқалары бар-жоғын, тағайындалған қоспаны қашан өзгерту керектігін оқып, біліуіңіз керек.
Нәрестеге дұрыс қоспаны таңдау үшін келесі шарттарды ескеру қажет:
1. Баланың денсаулық жағдайы. Нәресте сау болса, оған стандартты қоспа тағайындалады. Бала шала туған болса, анасына кесар тілігі жасалған болса, оның сиыр сүтінің ақуызына аллергиясы немесе лактозаға төзбеушілігі анықталса, ас қорытудың функционалдық бұзылулары – лоқсу, іш қату, шаншулар байқалса, оған арнайы немесе емдік қоспа қажет болады.
Баланың жасы. Стандартты қоспалар 1, 2, 3, кейде 4 таңбалауымен шығарылады. Бұл сандар қоспаның қай жасқа арналғанын көрсетеді:
1 формула –туғаннан -6 айлық нәрестелер үшін
2 формула – 6 айдан 12 айға дейінгі балалар үшін
3 формула – бір жастан асқан
4 формула – бір жарым жастан асқан балалар үшін.Қоспаның қолжетімділігі. Мүмкіндігінше жақын дүкенде немесе дәріханада оңай сатып алуға болатын балалар қоспасының маркасын таңдаңыз. Балаға тапсырыс бойынша әкелінетін емдік қоспаның белгілі бір түрі қажет болса, ешнәрсе істей алмайсыз, тамақты артығымен сатып алып, қорды уақытында толтырып отыруыңыз керек болады. Бірақ баланың дені сау болса, кез келген уақытта жаңа қаптамасын сатып алу оңай болатын тағамды таңдаңыз.
Баланың жеке реакциялары. Кейде балада құрамы бірдей әртүрлі өндірушілердің қоспаларына әртүрлі реакция болуы мүмкін. Қоспаның сәйкес келуін алдын ала болжау мүмкін емес. Сондықтан дәрігердің тағайындауынсыз баланы, бұл қоспалар қымбатырақ, «премиум» санатты, экологиялық таза, танымал болғандықтан ғана басқа қоспаға, мысалы, ешкі сүтіне негізделген немесе қандай да бір қосымша заттары бар қоспаларға ауыстыруға болмайды.
Жарамдылық мерзімі, қаптама бүтіндігі. Балалар қоспасының жарамдылық мерзімін, қаптамасының күйін тексеріңіз. Зақымдалған, мыжылған, суланған қаптама мен банкадағы қоспаны пайдаланбаңыз
Баланы қоспамен қанша уақыт тамақтандыру керек?
Өмірінің бірінші жылында балалар қоспасы, емшек сүті сияқты, нәресте үшін негізгі тағам болып табылады. Бір жастан асқан балалар үшін қоспа немесе балалар сүті – бұл негізгі рационға маңызды толықтыру, қажетті дәрумендер мен минералдардың көзі. Қоспа жасына сәйкес таңдалса, онымен баланы бір жарым-екі жылға дейін, кейде одан да ұзақ тамақтандыруға болады. Дегенмен, осы жаста қоспамен тамақтандыру саны, мысалы, бесіндік ас немесе екінші кешкі ас ретінде, тәулігіне 1-2 ретке дейін азаяды.
Арнайы және емдік қоспаларға келетін болсақ, оларды қабылдау ұзақтығын тек дәрігер белгілейді. Педиатр арнайы қоспаларға қалай дұрыс ауысу керектігін және олардан стандартты тамақтануға қалай және қашан көшу керектігін түсіндіреді.
Тізім
Емізу мүмкін болмаса, баланы қоспамен тамақтандыруға болады.
Балаға арналған қоспа оның денсаулық жағдайына, жасына, жеке реакцияларына байланысты таңдалады. Қоспаның әрдайым сатып алу үшін қолжетімді болуы, жарамдылық мерзімі мен тауарлық түрі жақсы болуы маңызды.
Баланы қоспамен емшек сүтімен тамақтандыру ұзақтығындай тамақтандыруға болады. Өмірінің бірінші жылында балалар қоспасы – нәрестенің негізгі тағамы, ал екі жасқа дейін және одан кейінгі кезеңде – негізгі рационға толықтыру.