Cипаттамасы
Төмен аллергенді сүтсіз тұтас дәнді Nutrilak Premium “PROCEREALS күріш” ботқасы, 200 г
4 айдан асқан балаларды тамақтандыру үшін ұсынылады.
Күріштің құрамында глютен жоқ, ол жармалардың арасында жеңіл сіңетін көмірсулардың мөлшері бойынша бірінші орынға ие. Төмен аллергенді сүтсіз Nutrilak “PROCEREALS күріш” ботқасы 4 айдан бастап сәбиді алғаш қосымша тамақтандыруға арналған.
Nutrilak® Premium PROCEREALS сүтсіз тұтас дәнді ботқалары дән қабығынан, ұрық пен өзектен тұратын таңдаулы тұтас дәннен дайындалған. Тұтас дән табиғи құндылығын сақтай отырып, көмірсулардың, өсімдік ақуызының, тағамдық талшықтардың, дәрумендер мен минералды заттардың көзі болып келеді. Осындай дәннен әзірленген ботқаларды қосымша нәрлендіру қажет емес. АРТЫҚ ЕШТЕҢЕ ЖОҚ. ЖАЙ ҒАНА ПАЙДАЛЫ.
ҚҰРАМ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ
100 % табиғи
• тұтас дәннен әзірленген
• қант* пен тұз қосылмаған
• құрамында пальма майы жоқ
• ГМА жоқ
• хош иістендіргіштерсіз
• бояғыштар мен консерванттар жоқ
• өнімнің сақталуын қамтамасыз ететін арнайы жағдайларда өлшеп оралған
*құрамында табиғи қанттар бар
Инструкция
1. Балаға тамақ дайындау алдында қолыңызды жуыңыз!
2. Таза ыдысты пайдаланыңыз.
3. 50 °С шамасына дейін жылытылған балаларға арналған ауызсудан немесе 50 °С шамасына дейін салқындатылған қайнаған судан 140-160 мл құйыңыз.
4. 25 г (шамамен 3-4 ас қасық) құрғақ өнімді үздіксіз араластыра отырып, біртіндеп салыңыз.
5. Толық ерігенше араластырып, тамақтандыруға қолайлы температураға дейін (36-38 °С) суытыңыз. Ботқа пайдалануға дайын.
Ботқаны араластыру үшін шанышқыны қолданған жөн.
· Ботқаны әрдайым дәл тамақтандырудың алдында дайындаңыз.
· Бұрын дайындалған ботқаның қалдығын келесі тамақтандыру үшін қолданбаңыз.
Баланың жасы мен талғамын ескере отырып, суды көбірек немесе азырақ қосу арқылы ботқаның қоюлығын өзгертуге болады.
Қосымша тамақтандыруды енгізіп бастаудың алдында педиатрмен кеңесіңіз.
Қосымша тамақтандыруды бір қасықтан бастап, 5-7 күн ішінде ботқа порциясын жас нормасына дейін ұлғайта отырып, біртіндеп енгізген жөн.
Сақтау шарттары:
• Өнімді 1-25 °С температурада және ауаның салыстырмалы ылғалдығы 75 %-дан аспайтын жағдайда сақтаңыз.
• Пакетті ашқаннан кейін өнімді құрғақ және салқын жерде 3 аптадан артық сақтамаңыз.
• Ботқаны әрдайым дәл тамақтандырудың алдында дайындаңыз.
• Бұрын дайындалған ботқаның қалдығын келесі тамақтандыру үшін қолданбаңыз.
• Әр порцияны дайындағаннан кейін ашылған пакетті мықтап жабыңыз.
Жарамдылық мерзімі: 18 ай.
Құрамы
Тұтас дәнді күріш ұны. Құрамында глютен мен сүт іздері болуы мүмкін.
Пищевая ценность
Тағамдық құндылығы | 100 г құрғақ өнімде | бір порцияда (25 г өнім + 140-160 мл су) |
---|---|---|
Энергетикалық құндылығы, кДж/ккал | 1546/369 | 387/92 |
Ақуыз, г | 7,7 | 1,9 |
Май, г | 0,2 | 0,05 |
Көмірсулар, г | 83,5 | 20,9 |
Тағамдық талшықтар, г | 1,3 | 0,3 |
Минералды заттар: | ||
натрий, мг | 21,0 | 5,3 |